Дипломдық жоба тақырыбы: «Мыс өндірісінде күкірт қышқылын алу процесін автоматтандыру жобалау» Түсіндірме жазбаның мазмұны



бет4/5
Дата28.05.2022
өлшемі23,46 Kb.
#35826
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДИПЛОМ

Контактілі компрессорлы бөлімі:Барлық жүйе бойынша газды тасымалдау үшін компрессорлы бөлімінде 65000 нм3/сағ өнімділікке ие Н-1050-12-1 - типті жеті газ айдағыш құбырлар орналастырылған. Олардың төртеуі жұмыс істейді, үшеуі қосарда болады. Жеті газ айдағыш түтіктің 630 кВт қуатты асинхронды қозғалтқышы бар және ол абсорбциялық-қысымдау ұстанымы бойынша жұмыс істейді (контактілік аппараттары және абсорбциялық бөлімі сығылған, газ жолының қалған бөлігі сиретілген). Компрессорлы бөлімінен кейін 50-60оС температуралы газ контактілік аппаратының алдындағы жалпы коллекторға беріледі.
Контактілік бөлімінде 5 төртқабатты контактілік аппараттары орналастырылған, олардың өнімділігі 305 т/тәул (100 % қайта санауда H2SO4). Контактілік аппараттарында екі сыртқы, екі шығарылған және бір ішіне ендірілген жылуалмастырғыштары бар. Газ жүктемесі 35-50 мың м3/г. Жоба бойынша БА алдындағы SO2 құрамы - 6 %, ал, практикада мысеріткіш өндірістің жұмыс режіміне байланысты маңызды мәнге ауытқиды.
Контактілік әдісімен H2SO4 өндірісінде католизатор ретінде байланысушы ванадий массасы БАВ (барий- сульфид- ванадий) қолданылады. Оның құрамында V2O5 - 7,5 % және жану температурасы 423оС.
Контактілік коэффициент жоғары дәрежесін алу үшін әрбір қабаттан кейін газды 440-450оС температураға дейін суыту керек. Жалпы коллектордағы газ (50-60оС) майбөлгішке бағытталады. Ол жерде май мен қышқыл бүркінділері тұнады және І сыртқы жылу алмастырғыш (ЖА) түтікаралық кеңістігіне беріледі. Жылу алмастырғышта 210оС-ге дейін қыздырылып, сыртқы ЖА түтікаралық кеңістігіне (2) өтеді. Ол жерде газ 370оС-ге дейін қыздырылып, 2 қабаттан кейін шығарылған ЖА-ға беріледі.
19

Онда 400оС-ге дейін қыздырылып, 1 қабаттан кейін шығарылған ЖА-ға келеді. Сонан соң 440-460оС температуралы газ БА-ның бірінші қабатына бағытталады. Ол жерде SO2 SO3-ке тотығып, сондай-ақ, оның температурасы 520-580оС-ге дейін көтеріледі. Бірінші қабатта SO2 70 %-ға дейін тотығады. 1 қабаттан кейін газ шығарылған жылуалмастырғыштың түтік кеңістігіне бағытталады. Онда 440-460оC-ге дейін суытылып, 2 қабатқа беріледі. Жылу алмастырғыштың түтік кеңістігіне газ 440оС-ге дейін суытылып, 3 қабатқа беріледі. Тотығу нәтижесінде температура қайта көтеріліп, 470оС-ге дейін жетеді. Суыту ішіне ендірілген ЖА-да 430оС-ге жетеді. Сонан соң 4 қабатқа беріледі. Контактілік пайызы 96-97 %-ды құрайды.


Төртінші қабаттан соң, газ (430-440оС) сыртқы ЖА (250-320оС) түтік кеңістігінің (2) төменгі жағына, содан кейін сыртқы ЖА (120-150оС) жоғарғы бөлігіне (1) бағытталады да, әрі қарай соруға жіберіледі.
Контактілік аппараттарын жүктеу және қыздыру үшін 3 жүктеуші қыздырғыштар орнатылған. Ол ЖА оттығынан, жүктеуші қысымдауыштан және бусорғыштан тұрады. Жүктеуші қыздырғыштар оттығы мазутты жағу үшін арналған. Түзілетін оттық газдары (660-650оС) ЖА түтік кеңістігіне бағытталады және түтін түтігіне шығарылады. Мазут – мұнайдан бензин, керосин және газойль фракцияларын бөлгеннен кейінгі қалдық немесе оны екінші реттік өңдеу өнімдері, 350-360 ° C дейін қайнайтын қою қоңыр, кейде қара түсті сұйық өнім.
Контактілік аппаратын жүктеу немесе тоқтату үшін күкіртті газ немесе ауа ЖА түтік аралық кеңістігіне түседі. Түтін газдары есебінен 440-460оС температураға дейін қыздырылады, сонан соң, контактілік аппаратына түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет