Дипломдық жобаның мазмұны


ДЖ көлемі және рәсімделуі



бет2/6
Дата17.06.2023
өлшемі51,52 Kb.
#101957
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
ДЖ көлемі және рәсімделуі

  • ДЖ көлемі 70-80 бет (қосымшаларды қоспағанда).

  • ДЖ-ға барлық материалдар беттің тек бір жағында ғана орналасады, өріс өлшемдері келесідей болуы тиіс:

  • сол жағынан - 30 мм

  • жоғары жағынан - 20 мм

  • оң жағынан - 15 мм

  • төменгі жағынан - 20 мм

  • жоларалық интервал – 1,2

  • шрифт – 14 (Times New Roman, сұлбасы – әдеттегі (обычный))

  • азат жолы – 1,25 см

  • Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын азат жолдан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

  • Дипломдық жобаның беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

  • Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

  • Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

  • Дипломдық жобаның бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында азат жолдан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал
1. Типтік және негізгі мөлшері

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

1.1
1.2
1.3
2. Техникалық талаптар

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі



2.1
2.2
2.3



  • Дипломдық жобаның әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

  • Дипломдық жобаның беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет