Дипломдық жоба түсініктеме жазбадан және демонстрациялық материалдардан тұрады. Барлық құжаттар мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай рәсімделуі тиіс.
Дипломдық жобаның мазмұны Дипломдық жоба құжаттар түрінде рәсімделеді және келесі міндетті стандартты беттерден (формалардан), бөлімдерден және құжаттардан тұрады (кесте 1).
Кесте 1.
Стандартты беттер (формалар) мен бөлімдер
Форма нөмірі және бөлімнің шамамен алғандағы көлемі
FoxPro, HTML, MS Access және т.б.) негіздеу
3.4. Арнайы бөлім (АЖО, ААЖ, ЭБ жобалау) 3.4.1. Есептің қойылымы
3.4.2. Блок-схема
3.4.3. Кесте реквизиттері
3.4.4. Логикалық схема
3.4.5. Тестілеу және қатесін түзеу
3.4.6. Қолданушы инструкциясы
3.4.7. Бағдарламашы инструкциясы
3.5. Еңбекті қорғау Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік
Есептеу техникасы кабинетінде жұмыс істеу ережелері
Өндірістік ортадағы есептеу техникасы кабинетіндегі метеожағдайлар
Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі
ДЭЕМ-ді қолданудағы зиянды және потенциалды факторлар
3.6. Бағдарламаның өзін-өзі өтеу мерзімің және экономикалық тиімділігін есептеу 3.6.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарын есептеу
3.6.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу
3.6.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі
3.6.4. Құрылған бағдарламаның экономикалық тиімділігін және өзін-өзі өтеу мерзімін есептеу.
Қосымшалар:бағдарлама листингі
Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу ережелері Дипломдық жобаны рәсімдеуге арналған жалпы талаптар ДЖ құжаттары А4(210x297 мм) форматында көрсетіледі.
Титулдық бет Форма №1-де көрсетілген.
- Титулдық бетте сөздерді тасымалдауға тыйым салынады, ДЖ тақырыбы, циклдық комиссия және мамандық атауларынан кейін нүкте қойылмайды.
- Титулдық бетте ДЖ-ның авторының (оқушының), жоба жетекшісінің қолы мен аты-жөні (А.Ә.Ф) болуы керек. Титулдық беттің формасына сәйкес сәйкесінше орындарда даталар қойылуы тиіс.
Дипломдық жобаға тапсырма оқушылардың дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), дипломдық жобаның күнтізібелік кестесінен тұрады (Форма №2).
Дипломдық жобаның тапсырмасын циклдық комиссия төрайымы аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Дипломдық жобаның тапсырмасы дипломдық жобаға тігіледі.