22. Алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иіліп, ізет жасап сәлемдеседі екен. Олары—«басымыз аман болсын!» дегендері. Бұлар кімдер? жапондар B) кәрістер C) мозамбик D) француздар E) ауғандар
23. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз A) Жар – жар B) Жоқтау C) Сыңсу D) Той бастар E) Беташар
24. «Қалай көшіп жатырсың? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай?» бұл қай елдің амандасу салтында айтылатын сөздер? А) монғолия В) бирма С) тибет D) боливия Е) шри-ланка
25. Эпикалық шығармаларды орындайтын, жатқа айтатын халық ақыны А) ақындар В)жыршылар С) жазушылар D) ғалымдар Е) жыраулар
Құрастырған оқытушы Ережепова А.О.
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
Отемысова Ж.А.
____________________
«____» желтоқсан 2022ж.
Бақылау жұмысы «КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ»
3- курс (орыс бөлімі,
9 сынып базасында)
ІІІ нұсқа
«КЕЛІСІЛГЕН»
ЖББП және ЖКП
ӘБ жетекшісі
Ережепова А.О.
________________________
«____» желтоқсан 2022ж.
1. Үйге қатысты тыйым сөздерді тап А) Шөпті жұлма, аяғыңды тартпа В) Керегені керме, табалдырықта тұрма
С) Көзіңді уқалама, сүтті төкпе D) Итті теппе, малды ұрма
Е) Қолыңды шошайтпа, таңдайыңды қақпа
2.Бұйрықты сөйлемді тап А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды С) Мәуелі ағаш майысқақ
D) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі Е) Өлеңі де жақсы екен.
3. Бұл тайпаның халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды. Бұл қай тайпа? А) масаи В) тибет С) шри-ланка D)боливия Е) бирма
4.Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. А) Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
В) Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.
С) Жұмекен Нәжімеденов, ҚР Мемлекеттік әнұранның сөзінің авторы
D) Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы
Е) Шәмші Қалдаяқов ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкасының авторы