Дисциплина: Медициналық биофизика


Сигналдарды тарату. Радиотелеметрия



бет2/2
Дата12.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#56782
1   2
Сигналдарды тарату. Радиотелеметрия.
Алынған және күшейтілген элекр сигналдарын тіркеуші құралға жеткізу керек. Көп жағдайларда электродтар немесе датчиктер, күшейткіштер мен тіркеуші құралдар конструкциялы бір құрылғыға біріктіреді. Мұндай жағдайда ақпаратты тарату еш қиыншылық тудырмайды. Бірақ өлшеуіш бөлік биологиялық жүйеден қашықтықта орналасуы мүмкін, мұндай өлшеуіш телеметрияға немесе биотелеметрияға жатқызылады. Ақпаратты алушы құрал мен тіркеуші құрал арасындағы байланыс өткізгіш сыммен, не радиомен жүзеге асады. Телеметрияның соңғы нұсқасы радиотелеметрия деп аталады. Бұл байланыс түрі ғарыштық зерттеулерде ғарыштық кеменің және оның экипажы туралы ақпаратты алуға, ал спорттық медицинада спорсменнің жаттығу кезіндегі хал жағдайы туралы ақпаратты алуға қолданылады. Мысалы, спортсмен шлеміндегі антенна көмегімен 300-500м (стадион шекарасында) қашықтықта оның жағдайы туралы деректер алуға болады.
Радиотелеметрия асқорыту трактының эндорадиозондталу үшін қолданылады. Эндорадиозондталу дегеніміз асқорыту жүйесінің қызметін радиотелеметриялық зерттеу әдісі. Владимир Кузьмич Зврыкин (1889-1982) атақты орыс ғалымы және өнертапқыш ойшылы, қазіргі таңның теледидарының дамуына көп улес қосқан. 1950 жылы дәрігерлермен бірігіп эндорадиозондтау идеясын дамытып, радиотелеметрия арқылы асқорыту жүйесінің қызметін зерттеген.
Медико-биологиялық зерттеулерде көп таралған және қолданылатын аналогтық тіркеуші құралдарға тоқталсақ. Медицина, биология және физиологияда көп қолданылатын ақпаратты тіркеуші құралды сақтаушылардың келесі әдістері: а) зат қабатын қондыру (бояғыш): қаламды-сиялы және жіңішке ағысты жазушы жүйелер; б)сақтаушы заттық құрамының өзгеруі: фототіркеу, электрохимиялық, электрофотографиялық (ксерография) және магнитті жазба; в)сақтаушыдан зат қабатын алу: беткі қабаттың сірленуі(закопченность), жылулық тіркеу.
Қазіргі кезді физиологиялық зерттеулерде қолданылатын қарапайым өздігінен жазушы кимограф немесе электрокимограф  болып табылады. Кимограф идеясы – сақтаушының беткі қабатының бір қалыпты орын ауыстыруы – көп жағдайларда зерттеліп отырған шамасын уақытша тіркеуші қазіргі кездегі аналогтық тіркеуші құралдарда сақталады. Медициналық аппаратурада қолданылатын электрлік сигналдарды механикалық сигналдарға ауыстыратын өздігінен жазушы құралдар. Физикалық олар өте аз тоқ күшімен тіркеуші жоғарғысезгіш электроөлшеуіш құралдар гальванометрлер болып есептеледі.
2.3. Электродтар, медицинада қолданылатын электродтар
Биоэлектрлік сигналды алуға арналған электродтар дегеніміз – өлшеуіш тізбекті биологиялық жүйемен байланыстырушы арнайы формалы жолсерігі. Диагностикада электродтар тек электрлік сигналды алуға ғана емес, сондай- ақ сыртқы электромагнитті ықпалын жеткізуге қолданылады, мысалы реорафияда. Медицинада электродтар емдеу және электростимуляцияға электомагниттік ықпал көрсету үшін қолданылады.
Электодтарға белгілі талаптар қойылады: олар тез тіркеліп, алынуы керек, электрлік параметрлердің жоғарғы тұрақтылығының болуы керек, берік болу керек, кедергі келтірмеуі керек, биологиялық қабатты түршіктірмеу керек және т. б. Биоэлектрлік сигналды алуда элетродтарға қатысты маңызды физикалық мәселе, қажетті ақпаратты жоғалтуды минималдау болып табылады, әсіресе өтпелі кедергі электрод – тері. Өтпелі электродтың кедергісін азайту үшін электродтың ауданын үлкейтуге болады, бірақ электрод ауданы өскен сайын оған қоршаған ортаның қарсы әсері де өседі, сөйтіп қабылданатын сигналдың пішініне ақау енгізеді. Содай-ақ өтпелі кедергіні азайту мақсатымен электрод пен тері арасындағы өткізгіштікті жоғарылатып, ерітіндіге шыланған жұқа дәке немесе электрөткізгіш пасталар қолданылады.
2.4. Датчиктер, медицинада қолданылатын датчиктер
Диагностикалық мақсаттарда адам ағзасындағы түрлі физиологиялық шамаларды өлшеуге тура келеді. Олардың көбінің табиғаты электірлік болмағандықтан ағзада ешқандай биоэлектірлік өзгерістер тудырмайды. Мысалы тамырдағы қан қысымы, жүрек соғуы, дене температурасы, т.б. физиологиялық факторлар (өзгерістер) жатады. Мұндай шамаларды тіркеу датчик деп аталатын құрал арқылы іске асырылады. Датчик деп электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Медициналық датчиктер зерттелінетін ағза мен оны тексеретін, алынған мәліметті тіркейтін құрал арасын байланыстыратын бөлік қызметін атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңның медицинасында қолданылатын ақпаратты алу техникасы тікелей ағза мүшелерімен байланысып, көлемі бойынша ұсақ бөлшектерді зерттеуге мүмкіндік беретін аппаратураны қажет етеді. Ол аппартура алынған нәтижелердің нақтылығын, салыстыра отырып дұрыс қорытындысын алу керек. Ағзаның функциясы мен жағдайы туралы ақпаратты жинастыратын қазіргі таңның технкасы физиолог пен дәрігерге өз зерттеулерінің деңгейін көтеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі. Дәл осындай ақпаратты алып, таратып, тіркейтін құрылымдық сызбасы бойынша сол сызбаның әр бөліктерінің бүгінгі күні дамып, күрлеленіп отыруының арқасында ағзаның толығымен және оның жеке микрообъектілеріндегі процесстерді зерттеуге мүмкіндік туып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бират Көшенов – «Медициналық биофизика» 2010ж. 155-165 беттер;
2. Интернет желісі.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет