Дисциплина: Медициналық биофизика



бет1/2
Дата12.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#56782
  1   2
Байланысты:
172813.pptx


Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазіргі заман Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері
Дисциплина: Медициналық биофизика
Тақырыбы: Медико-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызбасы. Медицинадағы датчиктер мен электродтар
Орындаған: Төрехан Айгерім 139 ЖМ
Тексерген: Токабаева Г.К
Семей 2017 жыл
ЖОСПАР:
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім:

  • 2.1 Адам ағзасындағы медико-биологиялық ақпараттар
    2.2 Медико-биологиялық ақпараттарды алу, тарату, тіркеу
    2.3 Электродтар, медицинада қолданылатын электродтар
    2.4 Датчиктер, медицинада қолданылатын датчиктер
    3. Қорытынды 
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Кез келген медико-биологиялық зерттеулер белгісіз ақпаратты қабылдау және тіркеумен байланысты. Медико-биологиялық жүйедегі ақпараттың күйі мен параметрлерін алып, тіркеу үшін құрылымдардың толық жиынтығы болу керек. Бұл жиынтықтың бастапқы элементі - міндетті түрде жүйемен әрекеттесетін немесе байланыс жасайтын, ақпаратты алуға арналған құралдар деп аталатын өлшеу құралының сезгіш элементі.
Медико-биологиялық ақпаратты алуға, тіркеуге және таратуға қолданылатын медициналық электрондық техника, сонымен қатар адам ағзасына әсер ету үшін де (физиотерапияда және электрохирургияда) кеңінен қолданылады.
Медициналық электроникада сезгіш элемент электрлік сигналды не тура жібереді, не биологиялық жүйе ықпалымен өзгертіп жібереді. Ақпаратты алуға арналған құрал медико-биологиялық және физиологиялық мазмұнды ақпаратты электронды құрал сигналына өзгертеді. Медициналық электроникада медико-биологиялық ақпараттарды алуға арналған құралдар электродтар мен датчиктерге бөлінеді.
Медициналық электроникадағы өлшегіш тізбектің соңғы элементі, бақылаушының тікелей түйсінуі үшін қажет, ақпараттың биологиялық жүйесі туралы формада бейнелейтін немесе тіркейтін – өлшеуіш құрал болып табылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Адам ағзасындағы медико-биологиялық ақпараттар
Адам ағзасында өтетін және өлшеуге болатын параметрлерді екі топқа бөлуге болады: тікелей өлшеуге болатын параметрлер және тікелей өлшеуге болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын параметрлер.
Тікелей өлшеуге болатын параметрлерге жүрек бұлшық еттерінің жиырылуы, температура, биоэлектрлік потенциалдар жатады. Тікелей өлшеуге болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын 
параметрлерге мыналарды жатқызуға болады: адам денесінің бір учаскесінің электрлік кедергісін анықтау арқылы сол учаскенің қанмен қамтамасыз ету шамасын анықтауға болады; тіндердің жарықты жұту шамасы сол ағзаның көлемі туралы ақпарат береді және сол сияқты 
әдістер бар.
Медико-биологиялық ақпаратты алуға арналған қондырғыларға қойылатын басты талаптар:
  • адам ағзасынан алынатын биопотенциалдардың және басқадай медико-биологиялық ақпараттардың пішініне ақаудың мейлінше аз болуы;
  • алынатын ақпаратты қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау;
  • ағзаға зиянсыз болуы;
  • зарарсыздауға (стерильдеуге) қолайлы және бірнеше рет қолданатындай болатындай болуы керек;

  • Адам ағзасындағы пайда болатын биопотенциалдар өте әлсіз болады. Сондықтан да оларды диагностикада қолдану мақсатына жеткізу үшін күшеqткіштер қолданылады.
    • Медико-биологиялық ақпараттарды алу, тарату, тіркеу

    • Бастапқы ақпаратты алу – шектелген уақытта және шектелген кеңістікте объекттердің қозғалысы кезіндегі бірлік коодинаталар мен параметрлердің бағалар класында, бірлік шешімдердің қалыптасу процессі, объект координаталары азимут, орын бұрышы және бақылаушы пунктіне қатысты алыстығы болып табылады. Объекттердің қозғалыс параметрлері дегені өзгеретін координаталардың уақыт бойынша туындылары айтылады. Объектілер туралы алғашқы ақпарат қабылданған сигналдың уақыттық, кеңістіктік, поляризациялық сипаттамаларынан және осы сигналдардан анализ көмегімен алынады, яғни кедергілер аясында кеңістіктік-уақыттық және поляризаторлық өңдеуден алынады.
      Ақпаратты өңдеу – алғашқы ақпаратты сипаттамалардың жақсарту, танылу және өлшеу мақсатында уақыт бойынша(екіншілік өңдеу) және кеңістіктік(үшіншілік өңдеу) біріктіру.
      Ақпаратты тарату – радиотолқындар көмегімен ақпаратты біріктіру және объекттердің қозғалысын басқару мақсатымен қандай да бір хабарлардың бір пунктінен басқасына транспорттау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет