Дисциплина: Технологиялық пәндерді оқыту әдістемесі Магистрант: Дуйсенкулова Альмира7М07102-озхт мөЖ 9-апта



Дата06.01.2022
өлшемі43,19 Kb.
#16306
түріСабақ
Байланысты:
МӨЖ 9 Альмира


Дисциплина: Технологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

Магистрант: Дуйсенкулова Альмира7М07102-ОЗХТ

МӨЖ

9-апта

Практикалық сабақтардағы интерактивті әдістер

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы: білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.



Кейс- стади әдісі. Құнды әдістің бірі – кейс-стадий әдісі . Бұл әдістің негізгісі болып жағдай ұғымы анықталады, яғни жағдайларды таңдау барысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.

Сергіту сәті. Сергіту жаттығулары адам организміндегі физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің жақсы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау, қабілетінің артуына септігін тигізеді.

Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол - аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.



Пікірталас әдістері. Пікірталас (дискуссия) өте   ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікірталас арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады.

Айтысу, ұстанымдардың қарама-қайшылығы, талқыланып   отырған  материалдың    мазмұнына   ерекше маңыз беру секілді пікірталас әлементтері оқытудың барлық формаларында тіпті лекцияларда да қолданылуы мүмкін. Пікірталас-лекцияларда  әдетте көтерілген мәселеге қарама-қайшы көзқарастары бар  екі оқытушы шығады немесе   артистік дарыны бар бір оқытушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты өзгерту, маска пайдалану тәсілдері де қолданылады.

Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттерді қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді қалыптастыратын белгілі бір топтар құрылғаны дұрыс. Олар іс-әрекеттің жаңа әдістерін күшейтеді немесе жаңа тәсілдерді ойлап табады.

Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың  бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау, өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі анық қою, оппоненттің ой-тұжырымына құрметпен қарау т.с.с. жатады.



Іскерлік ойын. Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.



Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет