Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата28.11.2023
өлшемі172,7 Kb.
#130858
1   2   3   4   5   6   7
 
Дизорфография 
 
Жалпы білім беру, коррекциялық мектептерінде оқушыларды сауатты 
жазуға үйрету, өз ойын сауатты, толық жеткізу мәселелері тек қана тіл 
сабақтарының ғана міндеті болып саналады. Бүгінде орфографиялық 
сауаттылық кең орын алып отыр, оған әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымаған 
балалардың көпшілігі тіл сабақтарынан үлгермеушілер қатарын құрайды. 
Мысалы, Е. Л. Черкасованың мәліметтері бойынша орыс тілінде оқыған
үшінші сынып оқушыларының жазу жұмыстарында орташа есептеп 2-3 қате 
кездессе бесінші сыныпта- 5, алтыншы сыныпта- 11-ге дейін орфографиялық 
қателер кездеседі екен.
Қазіргі кезеңде логопедияда жазудың бұзылу себептері туралы ғылыми 
зерттеулер ( деректер) дамып келеді. Бірақ ол зерттеулердің көбі жазу-сөйлеу 
іс- әрекетінің ( структуралық) құрылымдық операцияларын зерттеуге ( Т. А. 
Алтухова, Т. В. Ахутина, А. Н. Корнев, Н. И Цветкова т.б.), фонетикалық 
жазудың әртүрлі кемшіліктерін зерттеуге (Левина, Р. И. Лалаева, Л. Ф. 
Строва, А. В. Ястребова, Грушевская және т.б.) бағытталған. Бірақ 
орфографиялық қателерді жоюдың, түзетудің тиімді әдіс-тәсілдеріне 
бағытталған зерттеу жұмыстары өте аз. Осы уақытта дейін орфографиялық 
қателер тұрақты түрде кездессе де, оларды зертеу, мәселелеріне көңіл бөлінеді 
де, орфографиялық қателер ондай ерекше (дисграфиялық) қателер қатарына 
қосылмай қалады. Арнайы әдебиеттерде (О. К. Грибова, Э. А. Драникова, И. 
К. Колпаковская, Р. Е. Левина, И. Н.Садовникованың) жұмыстарында ЖСТД 
балаларының дұрыс жазу ережелерін меңгерудегі қиыншылықтарын 
атағанмен балалардың орфографиялық дағдыларын, сауатты жазудың алғы 
шарттары, түзету жолдары жеткіліксіз қарастырылған. Ол бағытта И. В. 
Прищепованың, И. А. Денисованың жұмыстарын атап өтуге болады. 
И. В. Прищепова өзінің зерттеу жұмысында ЖСТД балаларда 
дизорфография көптеген сөзсіз психикалық процестердің: сөзді естіп есте 
сақтау, зейін, ырғақтылық, түйсігінің және талдау, жинақтау, салыстыру, 


топтастыру операцияларының жетілмейтінінің салдарынан болады деп 
дәлелдейді. И. А. Денисова өзінің зерттеуінде ЖСТД балаларының
дизорфографиясын алдын алу, түзету жұмысын ұйымдастыруды қарастырады. 
Сонымен, қазіргі кезеңде жазуды зерттеу барысындағы өзекті мәселенің 
бірі дизорфография мәселесі болып саналады және ол мәселе өз бетінше бөлек 
бағытта қарастырылып толық зертеуді талап етеді.
А. Н. Корнев дизорфографияға мынандай анықтама береді: 
«Қажетті 
ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, 
меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше 
қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады».
Р. И. Лалаеваның 
анықтамасы 
«Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын 
орфографиялық морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен 
пайдаланудың тұрақты және ерекше бұзылуы».
Негізгі қиыншылықтар – 
балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық 
тапсырмаларды орындай алмайды. Орфографиялық талдау сөздің 
морфологиялық құрылымын талдау, жеткілікті сөз қорын, грамматикалық 
белгілеріне сәйкес тексеруге керек сөздерді табуды талап етеді. 
В. В. Комарова, Л. Г. Милостивенко, Г. М. Сумченколардың
тәжірибелерінде дизорфографиясы бар балалар түбірлес сөздерді табуды 
қиыншылыққа кездесетінін айтады.
Сонымен А. Н. Корневтің кейінгі зерттеулерінде де дизорфографилық 
қателердің тұрақтыланып кездесу, пайда болу себептеріне орфографиялық 
дағдылардың қалыптасуының алғы шарттарының дамымауы болып 
есептеледі деген деректер кездеседі. Оларға: фонематикалық, морфемдік, 
морфологиялық түсініктерінің және сөзсіз психикалық процестерінің 
жеткіліксіз дамуы жатады. Кейбір зерттеулерде (О. В. Елецкая) жалпы 
мектептің орта және жоғарғы сынып оқушыларында дизорфография
анамнезінде ЖСТД, ФФЖ, ФЖ, дисграфия, дислалия (бастауыш сыныпта) әр 
түрлі неврологиялық симптомдары бар балалардың көбінде:
-
сөзді естіп есте сақтау; 
-
әріптерді тану;
-
диагностикалық процестерінің бұзылуы; 
-
сөздің ырғақтылығының бұзылуы; 
-
сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының бұзылуы 
кездеседі.

Дизорфографияның белгілері 
 
Дизорфографиясы бар балаларда грамматикалық ұғымдарды қабылдап 
түсінуі қиындық туғызады. Мысалы, ондай балалар «дыбыс», «буын», «сөз», 
т.б. ұғымдарды есте сақтай алмайды немесе шатастырады. Олар өз бетімен 
орфограмманың мазмұнын айтып, қортынды жасай алмайды. Өтілген 
орфограммаларға дұрыс мысал келтіру, тексеруге керек сөздерді табу 
қиындық туғызады. Тексеруге пайдаланатын түбірлес сөздердің орнына 
көбінесе айтылуы ұқсас сөздерді айтады. Балалар «тексеру» сөздер неліктен 
түбірлес болу керек екенін дәлелдей алмайды.


Морфологиялық принцип бойынша орфограммаларды меңгеру 
морфемнің (жалғау, жұрнақ) лексикалық, грамматикалық мағынасын
ажыратуын, сөз тіркестеріндегі, сөйлемдегі байланыстарын бақылау және
синтаксистік қортындылау дағдыларының толық қалыптасуын талап етеді. 
Дизорфографиясы бар оқушылар көбінесе бастауыш пен баяндауыш
баяндауыш пен толықтауыш т.б. арасындағы байланыстарды табуда, қателер 
жібереді. Сонымен қатар тасымалға да көп қате жібереді. Оған тән қателер: 
бір әріпті тасымалдау, жалғау, жұрнақтарды түбірден ажыратпай тасымалдау 
( мектепт-ен) мұндай қателердің жиі кездесуі оқушылардың есте сақтау 
қабілетінің төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар
оқушылар логопедтің айтқан сөздерін тез ұмытып қалады, 
орфограммалардың анықтамаларын айта алмайды, орфографиялық сөздікті
пайдалана алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет