Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
бағалауыштық 
модальділік, дәйектеуші модальділік және эмоционалды модальділік сияқты негізгі үш 
параметр арқылы көрінеді. Бұқаралық коммуникацияда бұл үшеуі өзара сабақтаса, байланыса 
отырып адресанттың адресатқа тигізер ықпалын күшейте түседі. 
2.7.1 
«Бағалау модальділігіне» арналған тармақшада бағалауыштық категориясы субъекті 
мен объектіні тығыз байланыстырып тұратын бағалаушы предикат қамтылатын күрделі 
құрылым ретінде анықталды. Осындағы бағалау субъектісі мәтінде эксплицитті және 
имплицитті түрде көріне отырып контекстегі автордың прагматикалық ұстанымына 
байланысты қарастырылды. Бағалаудың өзі кесімді немесе салыстырмалы сипатта беріледі. 
Ол жағымды, жағымсыз және жанама түрде көрініс табады. Бұл үшеуінің қайсысына басымдық 
берілуі автордың аудиторияға және мақала кейіпкеріне әсер ету мақсатына байланысты 
болады. 
Газет мәтінінде берілетін бағалау автордың өзі сипаттап отырған оқиға-құбылысқа деген 
көзқарасына сәйкес субъективті сипатта болады, сол себепті ол іс-жүзіндегі объективті 
бағалауға сай келмеуі де мүмкін. Демек, медиа-мәтіндегі бағалауды жеке автор тарапынан 
берілетін индивидуалды пікір болғандықтан үнемі үзілді-кесілді дұрыс көзқарас деп 
қабылдауға болмайды. 
Газет мәтінінің маңызды қызметтерінің бірі аудиторияны сөз болып отырған оқиғаға 
қалтқысыз 
сендіру болғандықтан онда міндетті түрде көрініс табатын дәйектеуші 


модальділігі 2.7.2 тармақшада арнайы қарастырылды. Мұндағы негізгі мәселе автордың 
тілдік құзыреті мен журналистік шеберлігіне және дәйектеу өнерін (аргументация) терең 
меңгеруіне келіп тіреледі. Яғни өзі ұсынған ақпаратқа аудиторияны сендіру үшін адресант 
бірнеше сатыдан тұратын логикалық шара – 
дәлелдеуді жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатқа 
орай автор өз мәтінінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет