Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
тілдік 
манипуляция көпшілік көзінен тасалау, беймәлім жағдайда өтетін оқиғаға арналған 
мәтіндерде кеңінен пайдаланылатыны және оның әсіресе 
саяси дискурста айрықша көрініс 
табатыны анықталды; екіншіден, мұндай PR-мәтіндерде адресанттың прагматикалық 
ұстанымын жүзеге асыратын қарқындандырғыштардың ішінен – сөзойнатым тәсілі кеңінен 
қолданылатыны байқалды; үшіншіден, тілдік манипуляцияға құрылған PR-мәтіндердің 
кейіпкерлері көбінесе нақты болмайды, «кейбіреулер», «шенеуніктер», «биліктегілер» түрінде 


аталатын мұндай Х-субъектілер «Өзім –Өзге» бинарлы концептісінің екінші сыңарының мәнін 
жан-жақты ашуға бағытталады. 
3.4 
«Газет мәтініндегі концептілердің берілу ерекшелігі» деп аталатын тармақта қазіргі 
қазақ баспасөзіндегі саяси концептілерге көбірек көңіл бөлінді. Бұқаралық коммуникациядағы 
саяси дискурсты құрайтын негізгі концептілер тізбесін: 
Билік – Президент – Заң – Оппозиция 
– 
Халық түрінде көрсетуге болатындығы анықталды. Осы тізбек прагматикалық аясы аса кең 
«өзім/өзге» бинарлы концептісі шеңберінде қарастырылды. Себебі аталмыш терминдер қазіргі 
қазақ басылымдарында жиі қолданылатын, әртүрлі мән-мазмұнда танылатын өзекті базалық 
ұғымдарға айналып отыр. Сондай-ақ олардың мазмұндық ерекшелігі ұлттық, мәдени, ғылыми, 
тарихи, жалпы энциклопедиялық білімдер негізінде танылады. 
Жұмысымызда қазақ газеттеріндегі 
билік концептісінің вербалдануы нақты мысалдар түрінде 
көрініс тапты: «Билік – үлкейткіш шыны… Онда сиқырдың элементі бар», «Билік – 
орынтақ», «Билік – мемлекет деген алып машинаның тетіктерін іске қосу», «Биліктің 
бөденесі» (Е.Ертісбаев), «Билік пен оппозиция – Алаш деген арбаның қос тертесі», «Билік 
бір адамның, оның отбасының және олигархтың қолында», «Билік – ашса алақанында, 
жұмса жұдырығында ұстау» т.б. 
Медиа-мәтінге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет