Зерттеубазасы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Зерттеуге «5В010300-Педагогика және психология» мамандығының студенттері қатысты.
Зерттеудіңнегізгікезеңдері. Зерттеу төмендегідей кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең (2015 жыл) – мәселені түсіну кезеңі. Бұл кезеңде зерттелетін мәселенің қарастырылу деңгейін зерттеу, мақсат қою және нақтылау, зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау, болжам жасау және зерттеу логикасын құру, категориялық аппаратты талдау жасалды.
Екіншікезең(2016-2017 жылдар) – теориялық-әдіснамалық. универститеттің білім беру ортасының әлеуетін құзыреттілік тұрғысынан талдау жасау жүзеге асырылды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің моделі жасалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы бөлімі жүргізілді, онда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделін тәжірибеде сынақтан өткізу мен түзету, зерттеу мақсаты мен болжамды нақтылау мен тексеру, диагностикалық құралдар мен диагностикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістемесі жасалып, зерттеу барысында алынған қорытындыларды тексеру мен нақтылау, тәжірибелік- эксперименттік зерттеу нәтижелері талданды.
Үшінші кезең (2017-2018 жылдар) – теориялық нәтижелерді қорытындылау және эмпирикалық мәліметтерді жүйелеу мен талдау кезеңі. Эксперимент мәліметтерін қорытынды өңдеу, қорытынды жасау, зерттеудің нәтижелерінің қолданылуы мен оны рәсімдеу жұмыстары жасалды.