Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


а) Синтаксистік бейсауаттылық әдісі



бет27/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
а) Синтаксистік бейсауаттылық әдісі, яғни бастан-аяқ сөйлем құрылымын мақсатты түрде бұза отырып жазу

ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі б) Семантикалық сәйкессіздік


Біз тараушадағы тұтастыққа жасалған иронияның қандай тәсілдермен жүзеге асқандығын талдау барысында жоғарыда аталған екі ғалымның ұсынған тәсілдерін негізге алдық, алайда нысан етіп алған авторлардың шығармаларындағы құрылым бұзушылықтың, себеп-салдарын, өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу тәсілдерін төмендегіше толықтырдық:
а) Синтаксистік бейсауаттылық әдісі, яғни бастан-аяқ сөйлемнің құрылымын мақсатты түрде бұза отырып жазу

ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі б) Семантикалық сәйкессіздік


в) Мәтінге өзге тілден сөз енгізу.
А) Құрылым бұзылым және синтаксистік бейсауаттылық әдісі. А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» трилогиясының «Әнші шағылдар» («Поющие камни») бөліміндегі психоделикалық дискурс Жан есімді кейіпкердің жан-күйзелісінің әсерінен ішімдікке салынуын және оны Дүйсен бақсының діни жоралғылармен емдеу барысында санасының ерекше күйге түсуін бейнелеуде көрініс береді. «Ант ұрғандардың түстері» бөлімінде газет жорналшысы болып қызмет атқаратын аты белгісіз кейіпкердің есірткі шөптер мен адам психикасына әсер ететін түрлі жәндіктерден алынатын заттар әсерінен
бір кеңістік пен бір мезгілде тұрақтай алмай, бүгіні мен өткенінің арасында байыз таппаған санасының ауытқулары да психоделикалық дискурстың туындауына себепші болған. Бұл туралы автордың шығармашылығын уақыт пен кеңістік тұрғысынан зерттеген ғалым А.Темірболат: «В ходе изложения событий наблюдается полифония времен и пространств. Нередко в пределах одного предложения или абзаца описываются такие факты биография героя, которые происходили в его жизни в совершенно разные периоды» [105, с. 273] деп, мәтіндегі бұл ерекшелікті нақты атап көрсетсе, біз оның себептері мен салдарына тоқталамыз.
«Әнші шағылдардағы» романның баяндаушысы – кейіпкер Жанның өзі. Роман кейіпкердің ой ағысы тәсілімен баяндалған. Мұнда кейіпкер өмірінің түрлі-түрлі сатыларындағы өмірін еске түсіреді. Жанның адам тіршілігінің ең төменгі сатысына түсіп рухани құлдырауға ұшырауы оның психикасына да елеулі әсер еткен. Кейіпкердің ой ағындары арқылы еске түсіріп отырған ішкіліктің әсерінен болған өң мен түстің арасындағы арпалыстары, саналы күйінен бейсаналыға, керісінше бейсаналыдан саналыға ауысып отыратын күйі, ессіз күйде берілетін сандырақтары мәтіндегі фрагменттілікті тудырып отыр. Мәтіндегі фрагменттіліктің өзі екі қабаттан тұрады. «Әнші шағылдар» романы әңгіме ішіндегі әңгіме ретіндегі сипатқа ие. Мұнда сыртқы мәтін де, кейіпкер есіне алып, баяндап отырған ішкі мәтін де уақыт пен кеңістіктің кесінділерінен тұрады. Мысалы «Затем ты вновь осматриваешь себя в маленьком зеркальце из той же сумочки, оценивая конфигурацию и тональность окраски губ, чуть-чуть увлажняешь их языком, потом растягивая слова так, чтобы слышался восточный акцент, произносишь все ту же фразу: – Жан, неужели тебя нашли на берегу реки? Какой ужас! Ни за что не поверю, что ты стал бичом!», – деп , кейіпкердің саналы күйінде сезінген әсерлері біртіндеп бейсаналы күйге ауысып, «Ознобная волна проносится сквозь тело и душу, поднимая куда-то вверх, из темноты выныривает оскаленное лицо Дуйсена-баксы с выпученными глазами, пространство окончательно сходит с ума, тенями призраками, силуэтами скача и несясь над какими-то хмарными ущельями, ржавого цвета распадками, святящимися речными долинами: кружат и летят один за другим утесы, сыплются во тьму кишлаки с домами, дувалами, валунами, качается джугара-поле, откуда-то парнями, горлонящими лихую песню, сверкают магнитофоны, лоснятся гитары, звучить знакомый припев: «А я еду, а я еду за туманом», тугощекие лица радостно хохочут, белозубо скалятся, запрокидываются в волнах смеха...» [106, с. 23], – деп ары қарай жалғаса беретін сандырақтарымен ығысып отырады. Мұнда мәтін белгілі бір мағынадан айрылып, әдеттегі кеңістік пен уақыт категориялары, хронология жоғалады да автор ерікті түрде бейнелеген болмыс шашыраған жекелеген сәттердің, ой қиындыларының жиынтығынан құралады.
Кейіпкердің ой ағыны арқылы еске алып отырған мәтін де мәтіндердің құрандыларынан тұрады. Сол сана ағындары оның адами өмірге қайта оралуына себепші болған Дүйсен-бақсының емдеу тәсілі арқылы трансқа кірген Жан тылсым құдіреттің арқасында бірде өз балалық шағына қиялмен барып
қайтса, бірде қойшы баланың өмірін сүреді. Өзен бойын жағалап, қожайынына тас теріп жүріп кездестірген қойшы баланың «мен сені білемін» деуі де таңқаларлық құбылыс. Шыжыған күннің ыстығынан ба, жоқ әлде әлдебір құдіреттің күшімен бе, екеуі қатар жантайып жата кетеді. Сол сәтте екеуара көзге көрінбейтін байланыс орнайды. Қойшы баланың өткен өміріне еріксіз енген Жан оның сырқатының себептеріне бойлайды. Уақыт пен кеңістіктің арасындағы тылсым саяхаттардан эзотеризмнің бір сипатын аңғарсақ, мұндағы баяндау психоделикалық дискурс аясында берілген. Соның нәтижесінде мәтіннің тұтастығы, сөйлем құрылымы бұзылған. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет