Тақырып. Басқару теориясының негіздері.
Басқару теориясы – ежелгі ғылым, XIX ғасырдағы американдық инженерлердің заманынан емес, әртүрлі салалардағы-саясат, сауда, соғыс қимылдары, дипломатиядағы адамдарды басқару өнері туралы ойланған ежелгі антикалық заман ойшылдарының шығармаларынан бастау алады. Басқару теориясы - бұл басқару қызметін жүзеге асырудың заңдары мен заңдылықтары, әдіснамалары мен әдістері туралы білім жиынтығы. Басқару ғылымы үш негізгі ғылым – психология, экономика және құқық туралы білімге сүйене отырып, басқарушылық қызметті қалай жүзеге асыру керектігі туралы білімді жасайды, жүйелейді және таратады.
Классикалық басқару және менеджмент мектебінің негізін қалаушы Фредерик Уинслоу Тейлор болып саналады. Тейлорға дейін "қатты мен тәтті" қағидасы еңбек өнімділігін арттырудың басты қозғалтқышы болды – яғни қанша істейсің, сонша аласың. Алайда бұл көзқарас ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында өз құндылығын жоғалтты. «X» теориясы. «У" теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |