Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ


Аналитикалық форманттардың тарихи тұрғыдан үш түрлі нұсқадан шыққандығын көрсетеді



бет31/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
?îæ 811. 512. 122’366 ?îëæàçáà ???ûíäà Ø?ð³ïæàíîâà ?àëèÿ ?àáäîëë

Аналитикалық форманттардың тарихи тұрғыдан үш түрлі нұсқадан шыққандығын көрсетеді:
1) көсемшенің -ып (-іп, -п) және -а (-е, -й) жұрнақтары мен толымды көмекші етістіктерден құралатын форманттар (айт-а ал-ды, айт-а баста-ды, айт-ып сал-ды, айт-ып жүр-ді т.б.);
2) де етістігінің қатысымен құралған форманттар (жел басыл-айын деп-ті, жел басыл-айын де-гелі тұр т.б.);
3) есімше, көсемше (кейбір түрінің), рай жұрнақтары мен толымсыз еді, екен көмекші етістіктерінен жасалатын форманттар (айт-қан еді-ң, айт-қан екен-сің, айт-ып па екен-сің, айт-са-ң еді-ң, айт-са-ң екен т.б.) [11, 290-291б.].
Қимылдың өту процесін қимылдың басталуы, жүріп жатуы және аяқталуы деген үш кезеңге бөледі.
Амал-қимылдың өту процесінің басталу кезеңін білдіруге баста, жөнел, бер сияқты толымды көмекші етістіктердің көсемшенің -а, -п жұрнақтарымен бірлестікте айтылған (-а баста-ды, -а жөнел-ді) форманттарын қатыстырады.
Амал-қимылдың өту процесінің жасалу үстінде екенін білдіруде бар, кел, тұр, отыр, жатыр сияқты амалдың күй-жайын білдіретін етістіктердің көсемшенің -а, -п жұрнақтарымен бірлестікте айтылған -а жат (бара жатыр), -п бар (кетіп барады т.б.) сияқты аналитикалық форманттарды қатыстырады.
Амал-қимылдың өту процесінің аяқталу фазасын жасауға біт, бол, кеш, қал, шық сияқты толымды көмекші етістіктердің көсемшенің -п жұрнағымен бірлікте айтылған -п біт (жазып бітті), -п бол (айтып болды т.б.) сияқты аналитикалық форманттарының қатысатынын айтады.
Жалпы алғанда, амалдың өту сипаты категориясын етістіктің грамматикалық категорияларымен байланысты қарастырады [11, 298-299б.].
А.Ысқақов пікірлерін сараласақ, басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.
Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес грамматикалық категориясы ретінде түркітануда және қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана танылса да, қимылдың жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілердің назарына ертеден-ақ ілінген. Оны А.Н.Кононовтың «Грамматика языка тюркских рунических памятников YІІ-ІХ вв.», (Л., 1980, 255с.), И.Гигановтың «Грамматика татарского языка» (Санкт-Петербург, 1801. – 188с.), В.А.Гордлевскийдің «Грамматика турецкого языка» (Избранные сочинения. – М. , 1961., – 358с.), А.Н.Кононовтың «Грамматика современного узбекского литературного языка» (М. –Л., 1960. – 449с.) атты еңбектерінен байқауға болады.
Қимылдың өту сипатына қатысты пікірлер тіл білімінде «аспектология» болып танылған термин мазмұнында қарастырылады. Қимылдың өту сипаты категориясын түркітануда В.М.Насилов «Проблемы тюркской аспектологии (Акциональность)» атты монографиясында қолданымдық (функциональная) грамматика тұрғысынан зерттейді. Ғалым түркі тілдеріндегі қимылдың өту сипатының (аспектуальность) функционалды-семантикалық өрісін анықтайды. Қимылдың жасалуының түрлі ерекшеліктерін білдіретін арнайы көрсеткіштерге синтетикалық және аналитикалық тұлғаларды жатқызады. Қимылдың өту сипатына қатысты лексикалық көрсеткіштерді «глагольная лексическая аспектуальность» және «неглагольная лексическая аспектуалбность» деп бөледі. Негізінен қимылдың аяқталуын білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге, оның ішінде аналитикалық форманттарға тоқталады [170, 146-147 б.].
Орыс және қазақ тілдеріндегі бірнеше категорияның функционалды-семантикалық өрісін салғастырмалы-типологиялық тұрғыдан зерттеген профессор З.К.Ахметжанованың докторлық диссертациясында, «Функционально-семантические поля русского и казахского языков» атты монографиясында “аспектуальность” категориясы жан-жақты қарастырылған. Ғалым тілдік көрсеткіштердің қолданыстағы қызметін функционалды грамматиканың негізгі межесі «қызметтен тұлғаға (от функцией к формам)» тұрғысынан зерттейді. Қазақ және орыс тілдеріндегі қимылдың өту сипаты (аспектуальность) функционалды-семантикалық өрістерінің өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып көрсеткен. Қазақ тіліндегі қимылдың өту сипаты категориясының лексика-грамматикалық көрсеткіштерімен бірге лексикалық құралдарының бар екенін айтады [171, 67].
Ы.Маманов қалып етістіктерінің негізгі және көмекшілік қызметіндегі нақ осы шақты білдіру туралы айтылған пікірді қолдамайды. «Мне думается, что такое определение слишком формально. Глаголы состояния могут образовать не только собственно-настоящее время, но, соединяясь с деепрчастной формой, образуют и длительные времена, которые существуют паралельно с формой неопределенного времени, эти две группы времен (как длительные, так и неопределенные) между собою не различаются по выражению ими собственно-временных отношений, но имеют каждая свою собственную, характерную для семантику в отношении длительности» деп оларға мынадай мысал келтіреді:

Неопределенное время



  1. Настоящее время – Жомарт мектепте оқиды;

  2. Будущее время – Жомарт мектепте оқиды;

  3. Прошедщее время – Жомарт мектепте оқыды.

Длительное время



  1. Настоящее время – Жомарт мектепте оқып жүр;

  2. Будущее время – Жомарт мектепте оқып жүреді;

  3. Прошедщее время – Жомарт мектепте оқып жүреді [160, 26 б.].

Ғалым бір контекстегі етістік формаларының белгілі бір дәрежедегі мағыналық айырмашылығын және іс-әрекеттің аяқталғандығын, созылыңқылық сипатын көрсетпек болған. Бұлардан басқа да ал, бер, көр, қал, сал, кет, түс, шық, тұр, таста, жазда, ұқса, бол, кел көмекші етістіктерінің амал-әрекетке байланысты түрлі сипатын мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Ал қимылдың өтуінің 6 фазасы (кезеңі) бар деп есептейді.
«1 фазу – готовности к совершению действия;
2 фазу – приспособления к совершению действия;
3 фазу – начала действия;
4 фазу – совершения (протекания) действия;
5 фазу – перед завершением действия;
6 фазу – завершения действия» және іс-әркеттің басталуы, ортасы, аяқталуы болатындығын айтып, олардың жасалуына өзге етістіктермен қатар төрт қалып етістігі де қатысатынын айтады [160, 81 б.].
Ы.Маманов қалып етістіктерін тікелей сыпат көреткіштерімен бірлікте деп санайды және оған мынадай анықтама берген: «Қимылдың ішкі өту шегін, ағымын білдіретін етістіктің формасын сыпат категориясы дейміз». Ғалым сыпатты екіге бөліп көрсетеді: созылыңқы сыпат және аяқталған сыпат. Қимылдың өту ағымы, ғалымның айтуынша, әртүрлі болады, мысалы, жазу ісі, жазатын объектіге байланысты, аз ғана мезгілдің ішінде немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Кейбір қимыл созылып, процесс түрінде өтсе, кейбір қимыл бірден, шұғыл түрде өтеді.
Ы.Маманов қимылдың ағымы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін етістік формасын созылыңқы сыпатқа жатқызып, созылыңқы сыпаттың көсемше формаларының отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады деп көрсетеді. Көсемше формадағы етістіктер негізгі сөздік мағынаға ие болып, көмекші етістіктер негізгі қимылдың созылыңқы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін грамматикалық морфема деп санайды. Осы пікірін былайша дәлелдейді: «Қазақ тілі оқулықтарында жазып жатырмын, оқып отырсың, сөйлеп тұрмыз, қарап жүрсіз тіркестері осы шақтың бір формасы (нақ осы шақ) деп қаралып, оның құрамындағы отыр, жүр, жатыр, тұр көмекші етістіктері нақ осы шақ мағынасын білдіретін грамматикалық көрсеткіш деп түсініледі. Бұл форма нақ осы шақ формасын білдіретіні рас, бірақ мұнда нақ осы шақты білдіріп тұрған арнайы грамматикалық көрсеткіш жоқ. Мұнда көмекші етістік қызметіндегі қалып етістіктері грамматикалық сыпат көрсеткіші қызметін атқарып тұр» [72, 75 б.].
Ы.Маманов негізгі етістіктер сапаның, құбылыстың өзгеру процесін білдірсе, күрделі көмекші етістіктер қимылдың даму, күшею процесін білдіреді деп санайды, оған мынадай мысалдар келтіреді: «От жанып бара жатыр (барады). От жанып келе жатыр (келеді). Шөп қурап барады. Егін қурап келеді. Мұнда «бар» көмекші етістігі процестің қарқынмен, тез күшейе түсуін аңғартады да, «кел» көмекші етістігі процестің жаңа басталу кезеңін, жай дамуын білдіреді» [72, 77 б.].
Ғалым қимылдың өту процесін екі кезеңғе ғана, яғни созылыңқы сыпат (процестің жүріп жатуы) және аяқталған сыпат (процестің бітуі) деп бөледі. Ал процестің басталуына мысал келтіргенмен (Егін қурап келеді) және процестің жаңа басталу кезеңі деп атап айтқанмен де, қимылдың өту сипатындағы алғашқы кезеңге қоспайды. Дегенмен де, ғалым процестің басталу кезеңі туралы пікір білдірген.
Қалып етістіктерінің созылыңқы сыпат көрсеткіштері есебінде төмендегідей басты қасиеттерін көрсетеді:
Біріншіден, қалып етістіктері ешқандай қосымшасыз күйде тұрып екі түрлі мағынада жұмсалады: а) түбір етістік мағынасында, яғни жекеше екінші жақ жіктеу есімдіктерімен тіркесіп айтылады: сен отыр, сен тұр, сен жүр, сен жат); ә) үшінші жақ жекеше, нақ осы шақ мағынасында жұмсалады: ол отыр, ол тұр, ол жүр, ол жатыр. Тек «жат» етістігіне үшінші жақта -ыр қосымшасы жалғанады.
Екіншіден, қалып етістіктері есім сөздер сияқты тікелей жіктік жалғауын қабылдайды. Түркі тілдерінде жіктік жалғауының тікелей жалғануы – тек есім сөздерге ғана тән қасиет. Қазақ тілінде осы қалып етістіктерінен басқа етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғанбайды.
Қалып етістіктерінің басқа етістіктерден тағы бір үшінші өзгешелігі, олар еді көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі өткен шақ формасын жасайды (отыр едім, жатыр едік, жүр едің, тұр едіңдер т.б.). Бұл қасиет басқа етістіктерде жоқ.
Созылыңқы сыпатта қимылдың созылыңқылық дәрежесі көмекші етістіктердің түріне қарай әртүрлі болып келеді. Отыр, тұр көмекші етістіктері қысқа мерзімде болып жатқан қимылды, іс-әрекетті білдіреді. «Жүр» көмекші етістігі ұзағырақ мерзім ішінде үзіліспен болып тұратын не болып жатқан қимылды, «жатыр» көмекші етістігі тар мерзім ішінде болып жатқан қимылды да, кең мерзім ішінде болып жатқан қимылды да білдіре алады. Сонымен қатар, «жатыр» көмекші етістігі – бұлардың ішіндегі ең көп қолданылатын және алдыңғы үшеуінің де орнына жүре алатын универсал етістік.
Ы.Мамановтың берген сипаттамасы бойынша, аяқталған сыпат – қимылдың, іс-әрекеттің ағымы мен өту шегінің аяқталғанын көрсететін етістіктің бір түрі. Аяқталған сыпат көсемше формаларының арнайы көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады. Бұл көмекші етістіктер: қал, қой, таста, шық, сал, жібер, кет, бол, біт, ал, бер.
Сөйтіп, Ы.Маманов аталған етістіктердің лексикалық мағыналарын да, кей жағдайда морфемалық (көмекші етістік) қызмет атқаратындығын да нақтылы мысалдармен дәлелдеп көрсете алған.
Ы.Мамановтың берген сипаттамасы бойынша, аяқталған сыпат – қимылдың, іс-әрекеттің ағымы мен өту шегінің аяқталғанын көрсететін етістіктің түрі. Аяқталған сыпат көсемше формаларының арнайы көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады. Бұл көмекші етістіктер: қал, қой, таста, шық, сал, жібер, кет, бол, біт, ал, бер.
Аяқталған сыпат жасайтын көмекші етістіктер, мағыналық белгілеріне қарай, үш топқа бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет