Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ


Салт етістіктің сабақты етістікке, сабақты етістіктің салт етістікке айналуы



бет36/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
?îæ 811. 512. 122’366 ?îëæàçáà ???ûíäà Ø?ð³ïæàíîâà ?àëèÿ ?àáäîëë

Салт етістіктің сабақты етістікке, сабақты етістіктің салт етістікке айналуы. Ы.Маманов тілдік фактілерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі өздік, ырықсыз, өзгелік етіс жұрнақтарының басты қызметі сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыру деп көрсетеді. Сабақты етістіктен жасалған өздік және ырықсыз етіс тұлғасындағы салт етістіктің бойынан морфологияға да, синтаксиске де қатысты болып келетін екі жақты сипатын байқайды.
Морфологияға қатысы жағынан етістіктің грамматикалық категориясы болып саналатын салт және сабақты етістіктер өздік, ырықсыз, өзгелік етістің жұрнақтары арқылы сабақтыдан салтқа, салттан сабақтыға ауысады. Оған жарылу, киіну, жуылу, созылу, қысылу, көріну, берілу, өткізу, ұйықтату сияқты мысалдарды келтіреді.
Өздік және ырықсыз етіс тұлғаларының синтаксиске қатысы жағынан – бұлар салт етістікке айналып, сөйлемде табыс септігінен болған тура толықтауышты меңгермейді, керек етпейді дейді.
Сөйтіп, өздік, ырықсыз етіс жұрнақтарының басты қызметі – сабақты етістікті салт етістікке айналдыру деп қарайды да, ал оның өздік, ырықсыздық мағынасы сол салт етістік формасынан шығатын логикалық мағынасын екінші орынға қояды. Кейбір өздік, ырықсыз етіс тұлғасындағы салт етістіктердің өздік, ырықсыз етіске берілген анықтамаға сай еместігін айтады. Мысалы, Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз бишарасы (Абай). Көз ұшында мұнартып ағаш көрінеді. Жол екіге бұрылды. Бала тайып жығылды деген сөйлемдердегі өздік және ырықсыз етіс тұлғасындағы былғанса, көрінеді, бұрылды, жығылды етістіктерінің ешқандай өздік және ырықсыз етіс мағынасын білдірмейтіндігін дәлелдейді. Шынымен-ақ, -н, -л жұрнақтары арқылы жасалған салт етістіктердің ішкі логикалық мағынасы, яғни өздік және ырықсыздық мағына білдіруі де жүйелі түрде емес [72, 45-46 б.].
Ы.Маманов түбір сабақты етістік, ауыспалы сабақты етістік және өзгелік сабақты етістіктердің арасындағы мағыналық айырмашылықтарды табады. Оған төмендегідей мысал келтіреді: “Айша үйін ақтады. Бұл сөйлемде ақтады етістігі – өзінің жаратылысында сабақты етістік. Мұнда сабақтылық мағына білдіріп тұрған ешқандай грамматикалық көрсеткіш жоқ. Ал Айша үйін ағартты деген сөйлемде ағартты етістігіне сабақтылық мағына жамап тұрған арнайы грамматикалық көрсеткіш – жұрнағы. Егер осы жұрнағын етістік құрамынан түсіріп айтсақ, Айша ағарды болып айтылар еді де, сабақтылық мағынасы жойылып, салт етістікке айналдырар еді. Сондықтан да салт етістіктен жұрнағы арқылы жасалған етістік тұлғасы ауыспалы сабақты етістік деп аталады. Ал Айша үйін малярға ақтатты немесе Айша үйін малярға ағарттырды десек, ақтатты етістігінің құрамындағы жұрнағы және екінші ағарттырды етістігінің құрамындағы -тыр жұрнағы сөйлемдегі молярға сөзімен тіелей байланысып тұр. Яғни, ақтатты, ағарттырды етістіктері барыс септігіндегі жанама толықтауышты (молярға) өзінің құрамындағы -т, -тыр жұрнақтары арқылы меңгеріп тұр. Егер бұл жұрнақтар етістік құрамында айтылмаса, барыс септігіндегі жанама толықтауыштың (молярға) сөйлемде айтылу қажеттігі де болмас еді” [72, 47-48 б.]. Яғни, өзгелік етістің мағыналық ерекшелігі – қимыл иесі бір істі өзі тікелей істемей, біреу арқылы істететін болса, түбір сабақты етістік пен ауыспалы сабақты етістікдерде мұндай қасиет жоқ. Ғалымның бұл пікірі 2002 жылғы “Қазақ грамматикасында” бекітілді [52, 510 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет