Диссертация тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдістер» МӨЖ тақырыбы: «Глоссарий. Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық тірек терминдер»



Дата09.04.2022
өлшемі41,56 Kb.
#30455
түріДиссертация
Байланысты:
3-мөж глоссарий


Магистрант: М017-102 топ, Ілияс Айғаным Нурланқызы

Диссертация тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдістер»

МӨЖ тақырыбы: « Глоссарий. Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық тірек терминдер »

Қабылдаған: п.ғ.д проф. Даулетбекова Ж.

1.ӘДІС – белгілі бір мақсатқа жету, нақты мәселені шешу тәсілі; шындықты тәжірибелік немесе теориялық игеру (тану) тәсілдерінің немесе операцияларының жиынтығы

2.Тәсіл – оқыту әдісінің элементі

3.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру

4.Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі

5.Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау.

6.Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі

7.Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі.

8.Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау

9.Әдіс – қойылған мақсатқа жетудің жоспары

10.Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.

11. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

12. Белсенді емес (енжар) әдіс – бұл оқытушы әрекеті мен басқаруы

басымдыққа ие, ал студенттер - оның нұсқауын орындайтын, енжар тыңдаушы.

13. Белсенді әдіс– оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында

өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі.

14. Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс

15. Әдістеме – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу

жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

16.Әдіснама - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің

жиынтығы.

17.Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді зерттеу үшін қажетті

техникалық құралдар мен әдістердің жиынтығы.

18.Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір

немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға

немесе іс-тәжірибеге негізделген түрі.

19. Әдіс (гректің mеtоdоs)еtоdоs)оdоs)dоs)оdоs)s)) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып

білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.

20. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша

кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және әдіс

модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады.

21. Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдастыра отырып пайдалану оқушы ойын толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыланып, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашады.

22. Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.

23. Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады

24. Оқытудың белсенді әдістері – бұл әдіс оқушының танымдық, практикалық іс-әрекет белсенділігін арттыратын, негізінен оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталған диалог болып табылады. Бұл әдісті қолдану оқытушыдан оқушының жас ерекшелігін, әр оқушының топта жұмыс жасай алу ерекшелігін білу сияқты психологиялық және методологиялық білімнің болуын талап етеді.

25. Инновациялық әрекет деп мұғалімнің өз тәжірибесінде әлдеқайда жоғары нәтиже беретін белгілі сатыда біртіндеп енген жаңалықтың сапалы өсу динамикасын айтады.

26. Балаларды түсіну дегеніміз –демек олардың позициясында тұру , олардың сезімін бағалап , қам – қарекеттері мен істерін елеулі түрде қабылдау , олармен санасу деген сөз

27. Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.

28. Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі

29. Интерпретация белсенділігі — оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты (білімді) үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі



30. Шығармашылық белсенділік — оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет