10.1 Диссертацияны қорғау ЕҰУ-де құрылатын сәйкес мамандықтар бойынша МАК отырысында жүзеге асырылады.
10.2 Магистрлік диссертация қорғау бойынша МАК отырысы оның төрағасының басшылығымен өткізіледі.
10.3 МАК сараптамалық комиссия қорытындысы негізінде келесі тізбек бойынша құжаттармен бірге магистрлік диссертацияны қорғауға қабылдайды:
- жеке оқу жоспарын орындау туралы анықтама (қосымша З);
- ғылыми жетекшінің пікірі (қосымша И).
10.4 МАК-ке магистрлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын өзге де материалдар, ресми емес пікірлер, магистрлік диссертация бағыты бойынша тәжірибелік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан жазбаша қорытындылар, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу актілері немесе анықтамалары, макеттер және т.б.табыс етілуі мүмкін.
10.5 Магистрлік диссертацияны қорғау оның мүшелерінің кем дегенде 2/3-нің қатысуымен МАК-ң ашық отырысында өткізіледі.
10.6 Магистрлік диссертацияны қорғау кезінде ғылыми жетекші мен рецензенттің МАК-ң отырыстарына қатысуы және сөз сөйлеуі міндетті шарт болып табылады.
10.7 Магистранттың 20 минуттан аспайтын баяндама жасауы, зерттеу мақсаты мен міндеттерін қысқа және анық сипаттауы, аса маңызды қағидаларды баяндауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негізделген түрде дәлелдеуі қажет.
10.8 Магистрлік диссертацияны бағалау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:
- тақырыптың өзектілігі;
- алынған нәтижелердің жаңалығы;
- жұмыста жаңа технологияларды қолдану;
- әдеби шолудың толықтылығы және пайдаланылған дерек көздерінің
қазіргі заманға сай болуы;
- ұсынылған рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;
- диссертация қорғаудағы баяндаманың сапасы (дәлдік, сауаттылық, кәсіптік терминдерді пайдалана білу, көрсетілетін материалдың сапасы және т.б.);
- қорғау уақытында берілген сұрақтарға және рецензенттің ескертпесіне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы;
10.9 Әрбір магистрантқа МАК отырысының хаттамалары жүргізіледі және оны белгіленген үлгі бойынша хатшы толтырады.
10.10 МАК отырысы хаттамаларының бүкіл бланкілері МАК жұмысы басталғанға дейін магистранттардың қорытынды аттестациясының әрбір үлгісі бойынша бөлек кітаптармен нөмірленуі, бау өткізілуі және мөр басылуы тиіс.
10.11 Магистрлік диссертацияны бағалау туралы, сондай-ақ академиялық дәреже беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру (ерекше үлгідегі, қарапайым) туралы шешімді жабық отырыста жасырын дауыс берумен отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым түрде басым көпшілік дауыстарымен МАК қабылдайды.
10.12 Хаттамаларға төраға мен отырысқа қатысушы МАК мүшелері қол қояды.
10.13 Диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері оларды өткізу күні хабарланады.
10.14 Диссертация қорғау нәтижелері бойынша магистр академиялық дәрежесін беру туралы шешім қабылданады.
10.15 Жариялы түрде магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскриппен) беріледі.