Диссертациялық жұмысының аннотациясы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі182,61 Kb.
#5441
түріДиссертация

 

Қабылтаева  Самал  Казизовнаның  6D020300-Тарих  мамандығы 

бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақ 

мемлекеттілігінің  біртұтастығын сақтаудағы қазақ батырларының рөлі 

(XVIIIғ. 

I-ші 

жартысы  -  XIX  ғ.  ортасы)»  тақырыбындағы 

диссертациялық жұмысының  

 

АННОТАЦИЯСЫ 

  

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.    Қазақ  қоғамы  тәуелсіздік  

алғаннан  кейін  күрделі  әлеуметтік  және  саяси  үдерісіке  тап  болды.  Бұл 

үдерістің  ең  маңыздысы    ӛз  ұлттық  тарихыңды  зерделеу  арқылы,  халық  

жадында  ұмытыла  бастаған  ұлт  батырларын  қайта  жаңғырту  еді.  Әрбір 

дәуірдің,  тарихи  оқиғалардың    ӛз  жарқын  тұлғалары  болатыны    заңдылық. 

Олай болса,  Қабанбай, Бӛгенбай, Жасыбай, Малайсары және тағы да басқа 

батырлар  осындай  қазақ  халқының  тарихында  жарқын  із  қалдырған,  жарық 

жұлдыздар болды.  

Қазақ  халқының    тарихына  үңілсек,  тәуелсіздік  үшін  күрестің 

сындарлы  да  күрделі  кезеңдерді  бастан  ӛткізгенінің  куәсі  болып, 

егемендіктің мән-мағынасын жете түсінеміз.  Сондай-ақ, тарихта  XVIII ғ.  I-

ші  жартысы  мен  XIX  ғ.  ортасындағы    ұлт-азаттық  күрес    барысындағы 

айтулы оқиғалар кӛптеген әскери қолбасшыларымыз бен батырларымыздың 

есімдерімен  тығыз  байланысты.    Батырлар  ӛз  руластарынан  құрылған 

топтарды,  әскерді  басқарып  қана  қоймай,  әскери  іс-қимылда  ғана  емес, 

сондай-ақ, сол кездердегі кӛшпенділердің әлеуметтік-саяси ӛмірін басқаруға 

да араласқан.  

  Бүгінде  біздің    қоғамдық  және  тарихи  ой  санамызда  осы  қазақ 

қоғамындағы    ғажайып  батырлық  институттың  мәнін  ашып,  XVIII  ғ.    I-ші 

жартысы мен XIX ғ. ортасындағы қазақ халқының тұтастығы мен егемендігін 

сақтауға үлкен үлес қосқан батырлар рӛлін зерттеу жандана бастады. 

Әскери қолбасшы батырлар институты Еуразия кеңістігіндегі кӛптеген  

түркі тілдес башқұрт, ӛзбек, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда кеңінен 

тараған және бұлардың барінде бірдей ерте орта ғасырлардан бастап кездесуі 

жалпы  түріктік  біріңғай  құбылысты  кӛрсетеді.  Батырлар  институты  қазақ 

қоғамында ерекше орын алғандығы соншалық, кейбір батырлардың атаулары 

тұтастай  бір  рудың  атауына  несе  соғысқа  шығардағы  ұранына  айналған.  

Сондықтан,  батырлар  институтының  не  екенін  түсінбесек,    біз  онда  қазақ 

халқының  әскери  немесе  жалпы  тарихын  түсіне  алмаймыз.    Батырлардың 

әскери  рухының  негізгі  кӛрінісі  ол  қазақ  халқының  ұлттық  рухымен 

сабақтасады. 

Аталмыш  ғылыми  жұмыстың  маңыздылығы  мынада,  ол  біздің 

еліміздің    тәуелсіз,  еркін  және  егеменді  дамуы  үшін  болған  күрестерінің 

барлығыда  дерлік,  жаңа  және  тәуелсіз  қоғамымыз  бен  мемелекетімізді 

құрудың    негізгі    іргетасы    болып    табылатындығында.  Қоғам  еліміздегі 

болып  жатқан  ӛзгерістерді  ӛткір  қабылдайды,    әлеуметтік  дамудың  негізгі 



үрдісін  және  бағытын,  себебін  түсінуге  тырысады.  Соңғы  жылдары  тарихи 

шындықты іздеу қоғамның барлық құрылымына тән құбылысқа айналды. 

Сондықтан,  қазіргі  заманғы  тарихшылардың  алдында  қазақ  халқының 

қоғамдық  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосқан  айтулы  тарихи  тұлғалардың 

атын  тарихта  мәңгі  қалдыру,  идеяларын  жаңғырту,  олардың  рухани  және 

материалдық мұраларын зерттеу және оларға отандық және шетелдік ғылыми 

қоғам назарын аудару  сияқты нақты мақсат тұр.  XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  

XIX ғ. ортасындағы қазақ халқының тұтастығы мен егемендігін сақтауға аса 

зор  үлес  қосқан  батырлар  рӛлін  зерттеу  барысында  әдеттегі  бірізді 

пікірлерден  сақ  болып,  нақты  тарихи  кезеңдегі    қазақ  қоғамының  рухани-

моральдық  негізін,    ерекшелігін  ескере  отырып,    объективті  ақпаратпен 

қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру керек. 

Қазіргі  қазақстандықтардың  заманауи  тарихи  санасында  тек  қана 

Мемлекеттілік идеясы ғана басты орын алып отыр. Осы себептен де XVIII ғ.  

I-ші  жартысы  мен    XIX  ғ.  ортасындағы  қазақ  мемлекеттілігінің  тұтастығын 

сақтауға зор үлес қосқан батырлар рӛлін зерттеуде  2015 жылғы  арнайы атап 

ӛтілген  Қазақ  хандығының  550-жылдық  мерейтойы  мен    Тәуелсіздігіміздің 

25-жылдық  мерейтойлары  айрықша  орын  алады.  Ұлттық  тарихты  зерделеу 

тарихи  сананы  жаңғыртып  тарихи  сананы  тереңдете  түседі  жәнеде  біз үшін 

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын топтастыруда аса маңызды. 



Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  және  ғылыми  нәтижелері: 

XVIII  ғ.    I-ші  жартысы  мен    XIX  ғ.  ортасындағы  қазақ  мемлекеттілігінің 

тұтастығын  сақтауға  зор  үлес  қосқан  батырлар  рӛлін  жалпы  зерттеу  мен 

тарихи сараптама жасау. Зерттеу жұмысымен айналысқан үш жылдай  уақыт 

аралығында  диссертант  қорғау  ережелеріне  сай  жағымды  ғылыми 

жаңалықтарды қарастырды.  



Зерттеудің объектісі: XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  XIX ғ. ортасындағы 

қазақ батырлары. 



Зерттеудің пәні: XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  XIX ғ. ортасындағы қазақ 

мемлекеттілігінің  тұтастығын  сақтауға  үлес  қосқан  қазақ  батырларының 

қызметі. 

Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Диссертациялық  жұмыста  тұңғыш 

рет  XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  XIX ғ. ортасындағы қазақ мемлекеттілігінің 

тұтастығын  сақтауға  үлес  қосқан  қазақ  батырларының  рӛлін  сол  заманның 

геосаяси контекстінде қарау және  жалпы толыққанды зерттеу тұңғыш қолға 

алынып отыр.  

XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  XIX ғ. ортасындағы қазақ мемлекеттілігінің 

тұтастығын  сақтауға  үлес  қосқан  қазақ  батырларының  рӛлін  зерттеудегі  ең 

басты жаңалық мәселенің ӛте тұжырымды қойыла білуінде. 

Батырлар  институты  –заманауи  тарихи  зерттеулерде  кӛп  кездесе 

бермейтін,  әлі  күнге  толықтай  зерттелуін    күтіп  отырған,  қазақтардың 

мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылымындағы  ең  кӛне  әлеуметтік  құрылым 

болып табылады. 



 Сұрақтың  жаңалығы    тұтастай  алғанда  батырлар  институтын  және 

дәстүрлі  қазақ  қоғамының  бастапқы  құбылысын  ескере  отырып  зерттейтін  

жүйелі кӛзқараста жатыр. 

Аталмыш  ғылыми  жұмыс  XVIII  ғ.    I-ші  жартысы  мен    XIX  ғ. 

ортасындағы қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтауға үлес қосқан қазақ 

батырларының  рӛлін  зерттеуге  арналған  алғашқы  жалпы  ғылыми  талпыныс 

болып отыр. 

Орындалған  жұмыстың  ғылыми  жаңалығы,  мұрағаттық  құжаттарды 

зерттеу,  жүйелеу,  айналымға  енгізу  арқылы  қазақ  фольклорлық  дерек 

кӛздерімен оларды салыстыру болып табылады.  

Зерттеу  міндеттері:    Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  арқылы  келесі  негізгі 

міндеттерді жүзеге асыру болып табылады: 

1.

 

  Мәселенің негізгі теориялық-әдіснамалық аспектілерін ашу.  



2.

 

Дәстүрлі 



қазақ 

қоғамындағы 

батырлар 

институтының 

қалыптасуының  негізгі кезеңдерін анықтау. 

3.

 



Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  батырлар  институтының  рӛлін 

анықтау, оның қалыптасу және даму эволюциясының ерекшелігін талдау.  

4.

 

Ресей  империясына  (XVIII  ғ.)  қосылудың  бастапқы  кезеңіндегі 



жауынгер  қазақ  батырларының  қазақ  мемлекеттілігін  сақтап  қалудағы 

әлеуметтік-саяси маңызды рӛлін анықтау.   

5.

 

Қазақстандағы  ХІХ ғасырдың  бірінші жартысындағы батырлар 



институтын  трансформациялаудағы  патша  үкіметінің  әкімшілік  және  саяси 

реформаларының әсерін талдау. 

6.

 

 Жоңғар 



шапқыншылығына 

қарсы 


қазақ 

жасақтарын 

ұйымдастырудағы ӛазақ батырлары мен жауынгерлерінің рӛлін сипаттау. 

7.

 



Жоңғарлармен  қарсы  күресте  қазақ  хандығының  тұтастығын 

сақтаған  Абылай  мен  Әбілқайыр  хандар  сияқты    ұлы  батыр-

қолбасшыларымыздың рӛлін айқындау. 

XVIII  ғасырдың  соңын    -    XIX  ғасырдың  ортасындағы    ұлт-азаттық 

қозғалыстағы  батырлар рӛлін кӛрсету. 

Қорғауға шығарылатын нәтежелер: 

Ежелден  жаңа  дәуірге  дейінгі  кӛшпенділердің  әскери  қомақты 

құрылымдық  бӛлімшесі  батырлар  институты  болып  табылды.  Батырлықтың 

әлеуметтік  категория  ретінде  қалыптасуы  феодалдық  қарым-қатынастардың 

және  әскери-феодалдық  ақсүйектердің  пайда  болуымен  тығыз  байланысты. 

Қазақ-жоңғар  соғыстары  кезінде  батырлар  институты  қазақтардың  әскери-

саяси  құрылымының  ерекше    гүлденген,  әлеуметтік  институт  ретінде 

қалыптасқан  ұйымы  болды.  Батырлар  қазақ    қоғамын  басқаруда  

дипломатиялық,  бітімгершілік,  білім 

беру, 


әскери 

кӛшбасшылық 

функцияларын  орындады.  Батырлық  атауы    әлеуметтік  шығу  тегіне 

қарамастан  жеке ерлігі мен еңбегі үшін берілді. 

XIX  ғ.  20-40  жылдарындағы    Ресей  империясының  отарлау  саясатына 

қарсы кіші және орта жүз аумағында болған  ұлт-азаттық кӛтеріліс  кезінде  

батырлардың  әлеуметтік  топ  ретінде  айрықша    маңыздылығы    артты.  XIX 

ғасырдың  ортасында    қазақ  қоғамындағы  батырлық  институттың  рӛлі  



Қазақстан  шекарасындағы  әскери  шиеленістің  әлсіреуінен  және    орыс 

отаршылығының қазақ жүздеріне деген   ықпалының нығаюына байланысты 

болды.  Батырлардың басым бӛлігінің  Ресей  бодандығын қабылдауға деген 

қарсылығы,  қазақ  мемлекетінің  тәуелсіздігін  сақтауды  кӛздеген  наразылық 

сияқты әртүрлі жағдайда кӛрініс тапты. 

 

XVIII  ғ  20-30  жылдарындағы  күрделі  геосаяси  жағдай,  қазақ 



қоғамының  дамуының  ішкі  қайшылықтары,  саяси  тәуелділік  және  қазақ 

хандығының  тұтастығынан  айырылу    қаупі  кейбір  Кіші  және  Орта  жүздің 

беделді батырларының орыс протекторатын қабылдауына мәжбүрледі. 

 Әбілхайыр  хан  мен  оның  батырлары  қазақтардың    құқықтарын    қорғау 

мақсатында  патша  әкімшілігінің  отарлық  саясатына  қарсы  күрес  жүргізді. 

1822-1824  ж.ж.  патша  әкімшілігінің    административтік-саяси  реформалары   

дәстүрлі қазақ  қоғамының билік құрылымдарын біртіндеп жойып,  орта және 

кіші  жүз    аумағында  ресейлік  самодержавия  үстемдігін  орнатуға 

бағышталды,  қазақтардың дәстүрлі әскери ұйымының құрылымын ӛзгертіп,  

бұрынғы әлеуметтік құндылықтарын жоғалтып әлеуметтік маңызын жойды. 

Орыс  патша  үкіметінің  әскери-әкімшілік  саясаты,  қазақтарға 

кӛрсетілген  қысымының  салдары  жергілікті  тұрғындардың  жылдам 

қарсыластық  кӛрсетуіне  әкелді.  Әрине  патша  үкіметіне    о  бастан  қарсы 

болған  батырлар  үкіметке  қарсы  топтарды  басқарып,  белсенділік  таныта 

бастады.  Батырлардың  саяси  әрі  қоғамдық  маңызы  осы  XVIII  ғ  20-40 

жылдардағы    Орта  және  Кіші  жүздегі  болған  патша  үкіметінің  отырлық 

саясатына қарсы болған ұлт-азаттық кӛтерілісі кезінде айқын кӛрінеді. 

XVIII  ғасырдағы    жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  қазақ  жасақтарын 

ұйымдастыру, қазақ-жоңғар соғыстарындағы  батырлардың  ірі жеңістері мен 

ерліктері  –  барлығы  да  қазақтың  үш  жүзінің  батырларының  есімдерімен 

тығыз  байланысты,  сондай-ақ  бұл  соғыстарға    «Ақ  сүйек»  ӛкілдері  де 

бірауыздан  қатысқан  болатын.  Батырлар  жауынгер  жасақтарының  тікелей 

басшылары болды, әскери иерархия құрды,  олардың рӛлі мен беделі  XVIII 

ғасырдағы  жоңғарларға қарсы қазақ халқының азаттық қүресі  кезінде арта 

түсті. 

 Қазақ  халқы  Қазақ  мемлекетінің  саяси  тәуелсіздігін  сақтап  қалу  үшін  



күресте    қаншама  батырларын  құрбандыққа  шала  отырып,    ӛз  мақсатына 

жетті. 


Әбілхайыр  мен  Абылай  сияқты  ұлы  батыр  хандарымыз  қазақ 

мемлекеттігінің  тұтастығын  сақтау  үшін    қазақ  халқын    жоңғарларға  қарсы 

бастады, тарихи миссияларын орындады, 

  Батырлар  XVIII  ғ.  мен  –XIX  ғғ.  ортасындағы  ұлт-азаттық  күрестің 

ұйымдастырушылары  мен  белсенді  мүшелері  бола  алды,  мәселен  Сырым 

Датұлы  бастаған    (1783  –  1797  жж.),  Исатай  Тайманов    пен  Махамбет 

Ӛтемісов бастаған (1836 – 1838 жж.) кӛтерілістер  қазақ халқының мүддесін 

білдірген,  бүгінгі  тәуелсіздікке  қол  жеткізуге  ат  салысқан, патша үкіметінің 

отарлық саясатына қарсы ерлікпен соғысқан тұлғалар болды. 


 (1837-1847  жж.)  Қазақ  хандығын    қайта  құруды  кӛздеген    және 

тәуелсіздікке  қол  жеткізуге  аңсаған  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-

азаттық күрестің негізгі тірегі  де беделді аты мәлім батырлар болды. 

Алынған  нәтижелердің  тәжірибелік  маңыздылығы  сол  онда  нақты 

тарихи  материалдар  қарастырылған,  оның   нәтижелері мен  қорытындылары 

қазақ қоғамының  әлеуметтік құрылымын зерттеумен байланысты  теориялық 

мәселелерді  талдауға,  қазақстан  тарихына  арналған  оқулықтар  мен  оқыту 

құралдарын  жазуға  қолданылуы  мүмкін.    Диссертация  материалдары  оқу 

үдерісінде,  дәрістер  мен  семинар,  практикалық  сабақтар  жүргізуге 

дипломдық және курстық жұмыстар жазуға қолданылады. 

Ізденушінің  қосқан  жеке  үлесі.  Отандық  тарих  ғылымында    тұңғыш 

рет  XVIII ғ.  I-ші жартысы мен  XIX ғ. ортасындағы қазақ мемлекеттілігінің 

тұтастығын  сақтауға  үлес  қосқан  қазақ  батырларының  рӛлін  зерттеуде  

кешенді,  ғылыми    пәнаралық  қатынас  мәселесі  қарастырылды.    Мәселен 

аталмыш  тақырып    саясаттану,  мемлекет  тарихы  және  құқығы,  әскери  іс, 

дипломатия,    халықаралық  қатынас  теориясы,  фольклортану  сияқты  пәндер 

контекстінде  қарастырылды.    Зерттеу  мен  қорытындылар  отандық  тарих 

ғылымының одан әрі дамуына теориялық негізде ықпал етуі мүмкін. 



Диссертация нәтижелерінің апробациядан өтуі.  Зерттеу барысында 

жеткен    қорытынды  нәтижелер,    жәнеде  соның  негізінде  жасалған 

рекомендациялар 

талқыланып, 

халықаралық 



 

конференциядан 

опробациядан  ӛтіп,  Қазақстан  Республикасының  Білім  Министрлігінің 

тізіміне  енген    (БҒСБК)  журналдарда  жарияланды.  Зерттеу  қорытындысы 

автордың 10 -нан астам мақаласында кӛрініс тапты. Зерттеу барысында автор 

аталмыш  тақырып  тӛңірегінде  бірнеше  халықаралық,  отандық,  шетелдік 

Болгарияда,  Россияда  ӛткен    конференцияларда  бірнеше  рет  сӛз  сӛйледі. 

Импакт фактор, Scopus және Tomson Reutors  тізіміне ентін журналдарға да 

жарияланды. 

Жарияланымдар.      Оқу  мерзімі  барысында  университеттік  және 

академиялық ғылыми басылымдарға он мақаласын жариялады: 

 

2  мақала    Scopus  және  Tomson  Reutors    компанияларының  тізіміне 



енетін журналдарға жарияланды

–  3  мақала  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 

минимтрлігінің  білім  саласын  бақылаушы  мекеме  тізіміне  енетін 

журналдарға жарияланды; 

– 2 мақала халықаралық конференциялар материялдары жинағына;  

–  3  мақала  шет  елдік  конференциялар  материялдары  жинағына 

жарияланды. 

Диссертация  құрылымы  мен  көлемі.    Диссертация  қысқартулар 

тізімінен, кіріспе, үш негізгі бӛлімнен,  11 бӛлімшеден, қорытынды бӛлімнен 

және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, бағдарламалар бӛлімнен тұрады.  

Кіріспеде  тақырыптың  маңыздылығы  мен  ғылыми  жаңалығы, 

мақсаттық 

құрылымы, 

зерттеудің 

методологиялық, 

практикалық 

маңыздылығы қарастырылады. 



Бірінші  –  «Мәселенің  теориялық-әдіснамалық  аспектісі»  бӛлімінде  

«батыр»      терминінің  этималогиясы,  оның  тарихи  тегі,  концептуалдық 

құрылымы  мен  бағыты,      жаңа  заманғы  талдануы,  тарихнамалыӛ  базасы, 

және  қазақ  қоғамындағы  батырлардың  орны,    тарихнамалық  мәселесі 

талқыланады 

Екінші – «Батырлар институты: қалыптасуы, тарихи эволюциясы, 



қазақ қоғамындағы орыны мен рөлі» бӛлімінде  батырлар институтының 

қалыптасуының  негізгі  кезеңдері  қорытындыланады  және    (XVIII  ғ.)    

Қазақстанның  Ресей  империясының  қол  астына  ӛтуі,  қазақ  батырларының 

қазақ  мемлекеттілігінің  тұтастығын  сақтаудағы  әлеуметтік-саяси  қызметі 

сияқты 

мәселелер 



ӛқарастырылады. 

Қазақ 


жасақтарын 

жоңғар 


шапқыншылығына  қарсы  күш  біріктірудегі  батырлардың  рӛлі  мен 

Әбілхайыр,  Абылай  сияқты  хандардың  жоңғарларға  қарсы  күресте  қазақ 

мемлекетінің тұтастығын сақтаудағы  еңбегі кеңінен талқыланады.  

Үшінші  –  «Батырлар  Ресейдің  Қазақстанды  отарлау  саясаты 



жағдайында және XVIIIғ. аяғы мен XIXғ. I жартысындағы ұлт-азаттыұ 

көтеріліс» 

бӛлімінде 

Қазақстандағы 

патша 


үкіметінің 

әкімшілік 

реформаларының түрлендірудегі ерекшеліктері мен Сырым Датұлы бастаған 

Кіші  жүздегі  ұлт  азаттық  күрес,  Исатай  Тайманов  пен  Махамбет 

Ӛтемісовтер,  Кенесары  Қасымовтар  бастаған  кӛтерілістердің  маңызы  мен 

ерекшелігі зерттеледі.  

Қорытынды  бӛлімде    диссертациялық  зерттеудің  қорытындысы 

қамтылады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет