Дістемелік кешен



бет36/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде
азаматтарға қоға мның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі---сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өміріне қатынасуына көмектесіп,тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді.
4. Қазіргі адам.Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам
қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа -тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді.Мемлекеттік,ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып,өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады.


4.Институционалдық,нормативтік,мәдени, функционалдық жүйелер. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік. Саяси институттарға ( ұйымдар, мекемелер ) мемлекет, саяси париялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат – мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті онатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары ( әскер, сот, полиция, милиция және т.т. ) болды. ?Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс – тұрыс, іс - әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар қрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа ( экономикалық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с. ) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер ( нормалар ) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.
Саяси жүйенің төртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс - әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс - әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементеріне, саяси қызметкелер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси - басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ықпал етуіне де байқалады.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Институализация (латын) – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы. Институциялық саяси жүйеге мемлекеттік өкімет билігінің орталық аппараты жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет