Дістемелік кешен


Мемлекеттің шығуы және оның мәні



бет40/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

2.Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің ұғымы туралы теориялар мен түсініктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседі. Солардың бірі – мәңгілік және мемлекетті құдайдың өзі бергендігі туралы теория, мемлекеттің пайда болуын ішкі және сыртқы күш көрсетуден болатынын қарастыратын күш көрсету және жаулап алу теориясы, сонымен бірге қоғамдық шарт теориясы мен таптық теория.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағандары мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Роберт Филмер.
3. Қоғамдық келісім теориясы. ( Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо)
4. Зорлық жасау теориясы. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)
5. Географиялық теория. ( А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин)
6. Психологиялық теория.
7. Маркстік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс)
Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.


3.Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары. Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:
1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.
2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.
3. Мемлекеттің егемендігі, яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .
4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру. Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары ішіндегі ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерінен ажырататын қызметтері бар. Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметі саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім берушілік, мәдени -тәрбиелік болып бөлінеді.
Мемлекеттің сыртқы қызметі елдің шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердің ісіне араласу, мемлекет аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одықтар жұмысына да қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет