Дістемелік кешені


Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау



бет30/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау. Топырақтың санитариялық жағдаййы эпидемиологиялық, эпизоотолгиялық және гигиеналық қатынастарының қауіпсіздігін анықтайтын физико-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығымен түсіндіріледі. Санитариялық сан (баға) дегеніміз – орагникалық азотқа (100 г құрғақ топыраққа мг есебінде) белоктық (гумустық) азоттың (сол бірліктегі) көлемін есептегендегі бөлік.

Топыраққа санитариялық тұрғыдан баға бергенде оған қосымша бактериологиялық, гельминтологиялық зерртеулер жүргізеді. Сонымен қатар, топырақтың химиялық және радиоактивті заттармен (пестицид, ауыр металл тұздары және т.б.) ластану көрсеткіштерінің маңызы зор.
5.2. Биогеохимиялық аймақтар және биогеохимиялық энзоотияға қарсы шаралар.

  • Биогеохимиялық аудандар – бұл топырақта, ауада, суда кездесетін бір немес бірнеше макро- және микроэлементтерінің концентрациясының басқа көрші территориялардан айырмашылығы бар территория. Топырақта, суда, азықта микроэлементтер аз немесе көп болса, мал организмінде зат алмасу процесі бұзылып түрлі аурулар дамуы ықтимал. Мұндай ауруларды биогеохимиялық аурулар деп атайды. Биогеохимиялық энзоотия – бұл осы аудандарда негізінде микроэлементтердің жетіспеуінен жаппай мал организмінде зат алмасу процесінің бұзылуы. Мысалы, эндемиялық зоб йодтың жетіспеуінен,, ал эндемиялық флюороз фтордың көп болуынан дамиды. Сүйек-буын жүйелерінің эндемиялық аурулары кальций немесе фосфордың жетіспеуінен немесе аз болуынан болады.

  • Марганецтік рахит азықта марганец көп немесе аз болуынан пайда болады, анемия мыс және кобальттың жетіспеуінен, паракератоз цинк жетіспеуінен дамиды.

  • Елімізщде биогеохимиялық аймақтар анықталған, яғни солтүстік аудандарда көбінесе кобальт пен селеннің тапшылығы байқалады, ал оңтүстік аудандарда мал азығы құрамында молибденнің молдығы, мыстың аздығы байқалады. Құрғақ жазықты зоналардың топырағында көп мөлшерде сульфаттар, бор, стронций, кальций, молибден, мыс кездеседі. Жазық зоналарда топырақтың тұздалуынан натрийлік геохимиялық ландшафтар дамиды. Эндемиялық аурулардың алдын алу мақсатында мал азығы құрамында жетіспейтін химиялық элементтерді қосу, ал артық элементтерді азайту арқылы қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет