Протект ББ (Роденокс ББ) - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.
Бараки - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: дифетилон - 0,0025%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.
Ларинат - 0,25% бромадилонның қара-қызыл түсті ерітіндісі. Әсер ететін заты: бромадилон - 0,25%. Улылығы 2 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.
Цинк фосфиді - өте улы қара сұр түсті ұнтақ. Әсер ететін заты цинк фосфиді 80%. Улылығы: 2 класс. Шығарылу түрі: ұнтақ.
10.7 Мал қораларына дератизация жүргізу ерекшеліктері Мал шаруашылығы нысандарын өңдегенде басты мәселе үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жәшік конструкциялары, орналастыру әдісі және орны олардың уланған алдамыштарды үй жануарларының жеуіне жол бермеуі керек.
Шошқа шаруашылығындағы дератизация барлық ауыл шаруашылығы қораларының ішінде шошқа қораларында кеміргіштер ең көп кездеседі. Сондықтан ең алдымен осы қораларда дератизация мұқият жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларының ішінде шошқалар антикоагулянттарға сезімтал келеді, сондықтан зоокумариннің орнына дифенацин, этилфенацин, изоинданды пайдаланған жөн. Дератизациядан кейін қорада санитариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Дератизация дұрыс жүргізілген жағдайда кез-келген шошқа қорасындағы кеміргіштерден 3-4 апта ішінде құтылуға болады.
Құс шаруашылығындағы дератизация. Құс қоралары да кеміргіштердің көптеп кездесетін орындарының бірі. Тауықтардың антикоагулянттарға кеміргіштерге қарағанда сезімталдығы аз. Биологиялық олар кеміргіштерге қарағанда бұл уларға он есе тұрақты. Бірақ антибиотиктер мен кокцидиостатиктерді пайдаланғанда құстардың организмінде К витаминінің синтезі төмендеп, олардың антикоагулянттарға сезімталдылығы артады.Сондықтан алдамыштардың азыққа қосылып кетпеуін қадағалау қажет. Құстарды еденде өсіру жүйесінде алдамыштарды арнайы жәшіктерге салып, олардың жанын диаметрі 6-8 см тесіктер жасап қояды. Алдамыштан басқа жәшіктің түбіне антикоагулянттардың дустарымен сеуіп қояды.
Сиыр, бұзау, қой, жылқы қораларында жүргізілетін дератизацияда да улы алдамыштар пайдаланады. Алдамыштарды жануарлар тиіспейтін орындарға қояды. ІҚМ мен қойлар антикоагулянттарға тұрақты. 100-200 мг мөлшерінде бірнеше рет қабылданған у оларға әсер етпейді.
Қоралардың айналасындағы территорияда дератизация жүргізу үшін онда ең алдымен тиісті санитариялық тазалықты сақтау қажет. Алдамыштарды жабайы құстар мен аңдар жеп қоймау үшін арнайы ағаш жәшіктерге салады. Жәшіктерді әрбір 50м сайын, қоршауды бойлай, автокөліктердің дезбарьерлерінің қасында, қалдық жиналатын алаңдарда, оңаша жерлердің бәріне қойып шығады. Дератизациялық алдамыштардан басқа жолдарды тозаңдау, індеріне улы көбіктер шашу, жабысқақ массаларды пайдалану да қолданады.