Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын күтіп-бағу гигиенасы. Ірі қара гиигенасы Дәрістің мақсаты: Малдарды күтіп-бағу ерекшеліктерімен танысу
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Ірі қара малын ұстау жүйелері мен әдістері
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері
3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы
4. Сүт өндіру гигиенасы
5. Малды бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар
1. Ірі қара малын ұстау жүйелері мен әдістері Ірі қараны ұстаудың қазіргі уақытта негізі 2 әдісі бар:
1) байлап ұстау ;
2) байлаусыз ұстау.
Байлаусыз ұстаудың өзінің екі түрі бар: байлаусыз қалың төсеніште ұстау және байлаусыз бокста ұстау.
Біздің елімізде ірі қараны ұстау әдісінің көп қолданылатыны байлаусыз ұстау. Қазіргі уақытта байлап ұсталған сиыр қораларын реконструкция жасалып, байлаусыз ұстауға ыңғайландырылып жатыр. Мұндай қораларда орталықтандырылған азық каналы болады, оның екі жағынан бокстар орналасады, сиыр қораның ортасында шығуға арналған қақпалар болады.
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері Жасыл шөппен азықтандыруға және жайылымда ұстауға біртіндеп үйрету керек. Себебі, жасыл шөпті көп және бірден жегеннен мал ауруға шалдығуы мүмкін – мес қарынның ісінуі. Алғашқы жылы күндері күніне 2 – 3 сағат жаяды, ал жайылымға шығарар алдында міндетті түрде пішен береді. Осылайша малды жаю 14 – 16 сағатқа дейін созылады. Сиырды күніне 3 рет сауады: азанда -сағат 5-6 да, күндіз -сағат 13- 14 де, кешке – 20-21 да. Сиырларды сауудан алдында желінді мұқият жуып, өңдеу керек. Жазда ыстық күндері сиырларды қасында су көздері бар, ыстық күннен сақтайтын загондарға айдайды.
Сондай – ақ, қысқы қорада ұстау жүйесіне де жайылымға үйреткендей біртіндеп ауыстырады. Сиыр қоралары алдын ала дайындалған болу керек: жуылған, тазаланған, қидан тазаланған, өкпек жел болмау үшін барлық жерлер қымталған, қажет болған жағдайда жөнде жұмыстары жүргізіледі. Күзде және қыста серуендеу алаңдарына сиырларды күніне 3 сағат шығарып отыру керек.