СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
Студент « Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген мәтін талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда дискурс пен мәтін лингвистикасының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Мәтін лингвистикасыи мен дискурс қазіргі тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Пән бойынша жүргізілетін өздік жұмыстар мәтін линвистикасы мен дискурс әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |