2.5. Си/Си++ операторлары
Операторлар - бұл синтаксистік конструкция, ол программада орындалатын істерді анықтайды. С /С++-де келесі операторлардың типтері бар: оператор-өрнектер, таңдау операторлары, цикл-операторлар және өткізу-операторлар. Кейбір операторлардың синтаксисіістердің сол немесе басқа орындау ретін таңдайтын жағдайларға қызмет атқаратын өрнектерден тұрады. С -де булевалық өрнектер жоқ болғандықтан, жағдайлар ретінде скалярлық шамалар беретін кезкелген өрнектер қолданылады, егер осы шамалар нөльге тең емес болса, жағдай орындалды деп саналады, егер ол нөльге тең емес болса, жағдай орындалмайды. Бірнеше операторлар фигуралық (операторлық) жақшамен қоршалып , бір құрамдас операторға, жинақталады. Оператордың бітуінің белгісіне (құрамдас оператордан басқа) нүкте үтір қызмет атқарады, бұл жағдайда ол оператордың бөлігі болып табылады. Кез келген оператордың алдында идентификатор түрінде қос нүктемен бөлініп таңба қойылады. Таңба, тек өткізу операторында, оны көрсету үшін қолданылады. Ең қарапайым түрі нүкте үтірмен бітетін толық өрнекті көрсететін оператор-өрнек болып табылады, мысалы, х = 3; у = (х +1) * t; i++;
Оператор түрінде жасалған өрнек есептеледі, бірақ оның шамасы жоғалады және өрнек-оператордың ісі есептеуді алып жүретін қосымша эффекттерден тұрады. Мысалы, меншіктеу, автоүлкею, автокішірею операцияларын орындау.
С/С++-де таңдау операторлары шартты-оператор және ауыстырмалы қосқыштан тұрады. Шартты-оператор программалаудың басқа тілдерінің шартты-операторларымен ұқсас болады, қысқарған және толық түрде қолданыла алады, оған сәйкес келесі схемалар болады:
Достарыңызбен бөлісу: |