Дістемелік кешені


 ЗЕРТХАНАЛЫҚ  САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#18770
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
 

6. ЗЕРТХАНАЛЫҚ  САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 

НҰСҚАУЛАРЫ 

(қарастырылмаған) 

 

7. ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ 

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – яғни, студент өз бетімен 

оқытушының көмегінсіз дайындалатын, ізденетін ең бір студентке өте 

қажетті  де,  жауапты    білім  сапасын  кеңейтуге  көп  көмек  алатын 

сәттерін  қамтитын  курстың  белгілі  бір  бөлімі  десек  те  болады. 

Студенттік  өзіндік  жұмысына:  мәнжазба,  баяндама,  мәтіндік 

талдаулар,  студенттің  өзімен  құрастырылған  тест  сұрақтары, 

презентация, сөзжұмбақтарын т.б. жатқызуға болады.                                                                            



Мәнжазба:  мәнжазба  белгілі  бір  тақырып  бойынша  әр 

студентпен  дайыналады.  Студент  мәнжазбаны  даярлауда  бірнеше 

кітаптарды, газет - журналдарды пайдалана отырып, сапалы да, мәнді, 

мағыналы  және  түсінікті  етіп  жазуы    тиіс.  Студенттің  өзіндік 

жұмысының сапалы және уақытында дайындау дағдыларын, сонымен 

қатар  студенттің  өзіндік  жұмысы  бойынша  негізгі  ережелерді, 

қорытындылар мен ұсыныстарды ашып көрсету қабілетін дамыту мен 



53 

 

қалыптастырудың  бастапқы  сатылары  болып  саналады.  Студенттің 



өзіндік    жұмысы  өз  бетінше  орындалған  болу  керек  және 

қарастырылатын сұрақтары нақты да мәнді қамтылуы, жауапкершілік 

көзқарастарымен ажыратылуы тиіс. Осы кезде жеке сұрақтар бойынша 

әртүрлі  көзқарастар  қарастырып  соңында  студент  өзінің  көзқарасын  

қалыптастыру қажет. 

Студентің өзіндік  жұмысының мақсаты мен міндеттері 

Студенттің  өзіндік  жұмысының  мақсаттары:  осы  әдістемелік 

нұсқаулықтың  мақсаты  студенттің  өзіндік  жұмысын  орындау  мен 

қорғау  кезіндегі  міндетті  талаптарды,  ережелерді  және  ұсыныстарды 

бекіту  болып  саналады.    Әдістемелік  ұсыныстар  студенттің  өзіндік 

жұмысының  тақырыбының  маңыздылығын,  олардың  деңгейі  мен 

орындау  сапалылығын  жүйелі  түрде  жоғарылатуын,  сонымен  қатар 

тақырып  маңыздылығын  жақсарту  бойынша  нақты  тәжірибелік 

ұсыныстар  өңделетін  жұмыстың  бөлігін  көбейтуді  қамтамасыз  ету 

керек.  Студенттің өзіндік  жұмысының міндеттері:  

- студенттің өз еркімен жұмыс жасауға дағдылануы; 

-  студент  өзі  белгілі  бір  жағдайға  өз  көзқарасын  қалыптастыра 

білуі қажет; 

- берілген тақырып бойынша теориялық білімін және теориялық 

материалды проблема түрінде қарастыру мен баяндау іскерлігін; 

- қазақ тілінің курсын толық меңгеру; 

- мәтіндік талдаулар  жүргізу; 

- қазақ тілін сауатты  деңгейде меңгеру; 

- қазақ тілін сөйлеу процесінде, күнделікті өмірде қолдану және 

т.б. 

Жоғарыда аталған міндеттер мен мақсаттарға жету үшін студент 



осы әдістемелік нұсқауды бағдарға ала отырып, өз бетімен көп ізденіс 

жұмыстарын жасауы қажет. 

Студенттің өзіндік  жұмысын орындау және қорғау сатылары 

Студенттің  өзіндік  жұмысын  орындау  мен  қорғау  барысында  келесі 

негізгі сатыларды атап кетуге болады:  

- студент өзіндік  жұмысының тақырыбын таңдау; 

- студент сол тақырып бойынша оқытушыдан кеңес алу; 

-  таңдалған  тақырып  бойынша  мәліметтерді  алдын  -  ала  шолу,  іздеу 

және іріктеу; 

- алынған тақырып бойынша жұмыс жасау; 

- қажетті мәліметтер жинақтау және тілдік талдаулар жүргізу; 

-  студент  жұмысты  жасап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оны  қорғауы 

тиіс.  

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру 




54 

 

Оқытушымен  жұмысты  орындау  кезінде  студенттің  өзіндік 



жұмысы үшін жағдай жасалады.  

Студенттің  өзіндік  жұмысын  жазу  үшін  студенттерге  мыналар 

қажет: 

- бағыт және кеңес беру; 

- өзіндік жұмысты  бақылау; 

- мәліметтер беруге және  оларды өңдеуге мүмкіндік; 

- жабдықталған жұмыс орындары (персоналдық компьютерлер). 

Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы 

Студенттің  өзіндік  жұмысының  негізгі  мазмұнында  таңдалған 

тақырыптың  сұрақтары  зерттелуі  керек.  Студенттің  өзіндік  жұмысы 

жақсы  жазылған  және  оңай  оқылатын  болуы  керек.  Егер  өзіндік 

жұмыста мәнжазба тақырыптары таңдалса, студент мына нұсқауларды 

басшылыққа алуы қажет. 

Студенттің өзіндік  жұмысының құрылымдық элементтері: 

1. Мұқаба (титульный лист); 

2. Жоспары; 

3. Кіріспе; 

4. Негізгі бөлім;  

5. Қорытынды; 

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі; 

7. Қосымша. 

Мұқабасында  университет  пен  кафедра  реквизиттері,  жұмыс 

тақырыбының  аты,  студенттің  аты  -  жөні,  оқытушының  аты  -  жөні 

көрсетілуі керек. Мазмұнында атаулары мен реттік номерлері беріледі. 

Студенттің  өзіндік  жұмысының  негізгі  элементтеріне  кіріспе,  негізгі 

бөлім  және  қорытынды  жатады.  Кіріспеде  келесілер  қарастырылады: 

таңдалған  тақырыптың  маңыздылығы,  жұмыстың  міндеттері  мен 

мақсаты  анықталады;  жұмыстың  негізгі  бөлімдеріне  қысқаша 

тоқталып 

өтеді.                                                                                    

Студенттің  өзіндік    жұмысы  негізгі    үш  бөлімнен  тұрады.  Студент 

өзіндік    жұмысты  орындау  барысында  негізгі  бөлімде  көрсетілген 

сұрақтарға жеке - жеке тоқталып, нақты және маңызды сараптамалар 

жасауы  қажет.  Қорытындысында  студент  өзіндік  жұмысты  орындау 

нәтижесінде  кездескен  жағдайлар,  қызықты  мәліметтер  немесе 

түсінбеушілік  жағдайлар  болса  және  де  нақты  оқиғалар  қарастыру 

арқылы  қорытынды  беріледі.  Олар  қысқа  да  нақты  болуы  керек, 

мазмұны,  өңдеудің  мәні  мен  тиімділігі  туралы  толық  мәліметтер 

берілуі керек. Студент өзіндік жұмысты жазғанда қолданылған барлық 

әдебиет көздері мен құжаттар туралы мәліметтерді қамтуы керек.  

Студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу 



55 

 

Жұмыс көлемі: мәнжазба электронды түрде-10-13 бет.                                                                                         



қолмен жазылса – 15 бет және жоғары. баяндама  электронды түрде - 

3-5 бет;                                                                                           

Жұмыстың  әр  бөлімдері  келесідей  қатынаста  болу  керек: 

кіріспе  -  1  бет,  қорытынды  -  1  бет,  қолданылған  әдебиет  1  бет. 

Жұмыстың көп бөлігін негізгі бөлімі алады.                                                                                                                                 

Жұмыс  компьютер  көмегімен  жазылған  болса,  А4  форматты 

ақ  қағаздың  бірінші  бетінде  жол  арасы  бір  интервал  болатын,  Tіmes 

типіндегі  14  кегль  шрифтімен  жазылуы  қажет.  Жұмыстағы  кестелер 

бүкіл  жұмыс  бойы  немесе  әр  бөлімге  жеке  (бөлімнің  номері 

көрсетіледі)  реттік  номермен  беттің  оң  жақ  шетіне  дөңгелек  жақша 

арқылы араб санымен номерленеді. Әдебиет көздері өзіндік жұмыста 

кездескен  ретпен  жазылады.  Егер  әдебиет  өзіндік  жұмыста  толық 

қолданылса,  бет  номерлері  көрсетілмейді.  Қосымша  материалдарға 

грамматикалық  кестелер,  инструкциялар,  әдістемелер,  иллюстрация,  

тірек сызбалар, графиктік материалдар жатады. 

 

 



Өзіндік жұмысқа арналған бақылау тапсырмалары    

№ 

Тақырып 



Тапсырма 

лар 


Сағат  

саны 


Орындалу 

түрі 


Орындау/тапсыру 

мерзімі (апта) 

Құрмалас 



сөйлем 

туралы түсінік 

 

кесте/ слайд 



дайын 

дау 


кесте түзу, 

жазбаша 

 

1-апта 



Салалас құрмалас 

сөйлемдер және оның 

түрлері, жасалуы 

сызба, 

слайд, 


конспект 

тест/глоссар

ий 



жазбаша 



 

2-апта 


3    Жалғаулық  арқылы 

жасалатын  салалас 

сөйлемдер 

  Талғаулы 

салалас 

сөйлем, 


оның 

жалғаулықтары.  

  Кезектес 

салалас 


сөйлем, 

оның 


жалғаулықтары.   

  Жалғаулықсыз 

салалас 

сөйлем: 


Түсіндірмелі  салалас 

сөйлем.   

 

хабарлама 



хабарлама 

3-апта 

Көп компонентті 



салалас сөйлем. 

Мұның сыйыса 

айтылу жолдары. 

презентация 

мазмұндау 



4-апта 


56 

 



Салалас құрмалас 

сөйлемдердің тыныс 

белгілері 

глоссарий 

жазбаша 


5-апта 

Сабақтас құрмалас 



сөйлем, жалпы 

сипаттама 

сөзжұмбақ 

сызба 


жазбаша 


6-апта 

Сабақтас құрмалас  



сөйлем 

компоненттерінің 

грамматикалық 

табиғаты. Сабақтас  

құрмалас  сөйлемнің 

айырым белгілері, 

оның салалас 

сөйлемнен негізгі 

айырмашылығы.  

сызба 


жазбаша, 

мазмұндау 

 

7-апта 



СҚС-ның жасалу 

жолдары 

Сабақтас  құрмалас 

сөйлемнің жеке 

түрлері оның 

бағыныңқы сабақтас 

сөйлем 


компоненттері 

арқылы ажыратылуы. 

сызба 



жазбаша 



8-апта 

Бағыныңқы 



сөйлемдердің  орын 

тәртібі.  

сызба 



жазбаша 



9-апта 

10 


Сабақтас  құрмалас  

сөйлемдердің  орын 

тәртібі, 

тыныс 


белгілері. 

сызба  


жазбаша 


10-апта 

11 


Бөгде  сөз,  оның 

түрлері  Бөгде  сөз. 

Жалпы сипаттама.  

Бөгде  сөздің  түрлері: 

төл  сөз,  төлеу  сөз 

және ортақ төл сөз.  

конспект 

жазбаша 



11-апта 

12 


Тыныс белгілері. 

Тыныс белгілері 

туралы жалпы 

түсінік. Тыныс 

белгілерінің 

қалыптасуы мен даму 

жолдары 

кластер 


құру 

мазмұндау 



12-апта 

13 


Аралас құрмалас 

сөйлем 


кластер 

мазмұндау 



13-апта 

14 


Көп басыңқылы 

салалас құрмалас 

сөйлем 

кластер 


мазмұндау 

14-апта 

15 


Көп бағыныңқылы 

кластер 


мазмұндау 

15-апта 



57 

 

сабақтас құрмалас 



сөйлем 

        




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет