Дістемелік кешені


 КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#18770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.3 КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 

Білім  алушы  барлық  сабақтарға  қатысуға  міндетті.  Қандай  да 

бір  себептермен  сабаққа  қатыса  алмаған  білім  алушы  өтілмеген 

материалды өз бетінше игеруге міндетті.  

Білім  алушы  бақылау  тапсырмаларын  орындауға  және 

бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған 

бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі.  

Рубеждік  бақылау  қорытындысы  шығарылғанда  білім 

алушылардың  сабақтарға  қатысымы,  өзіндік  жұмыстарды  орындауы 

және  бекітілген  мерзімде  тапсыруы,    сабақтардағы  ауызша  және 

жазбаша  жауаптары,  рубеждік  бақылау  жұмысының  нәтижесі 

ескеріледі. 

Білім  алушы  науқастануына  байланысты  немесе  басқа  дәлелді 

себептермен  сабақтарға  қатыспай,  рубеждік  бақылауды  мерзімінде 

тапсыра алмаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие 

болады.  Мұндай  жағдайда  ұсынылған  дәлел  құжаттар  негізінде 

рубеждік бақылау мерзімі білім алушы үшін жеке бекітіледі.  




 

Білім алушы сабаққа уақытында келуі тиіс. 10 минуттан артық 



кешіккен білім алушы оқытушының сабаққа кіргізбеу құқы бар.  

Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірілуі тиіс.  

Мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушылар  е-mail  арқылы  пән 

оқытушыларынан консультация, әдістемелік көмек алуына болады. 

Қашықтықтан  оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы  оқу 

үдерісін ұйымдастыру барысында оқу сабақтары "online" және "offline" 

режимінде  жүргізіледі  және  белгіленген  оқу  жүктемесіне,  білім  беру 

бағдарламаларына,  оқу  жұмыс  жоспарларына  және  сабақ  кестесіне 

сәйкес  жүзеге  асырылады;  "Оffline"  режиміндегі  оқу  сабақтары 

оқытушы  мен  білім  алушының  "PLATONUS"  ААЖ  қашықтықтан 

оқыту  технологиясы  өзіндік  платформалары  және  олардың  чаттары 

мен  форумдарының  ішкі  сервистері  арқылы  қарым-қатынас  жасауға 

негізделеді.  "Online" режимінде  оқу  сабақтарын  жүргізу  нақты  уақыт 

режимінде  өзара  қарым-қатынас  жасау  арқылы  өткізуді  көздейді: 

бейнеконференция (ZOOM, Hangouts және т. б.).  

 Білім  алушылар  пәндер  курстарының  оқу  материалдарын 

(дәрістер, зертханалық, практикалық, семинарлық және басқа да сабақ 

түрлері)  университеттің  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесін 

(«Платонус»  ААЖ  платформасы  бойынша  жазба  жұмыстарын 

тексерудің автоматтандырылған жүйесі) және online платформаларын, 

оның  ішінде  Zoom,  немесе  басқа  да  жалпы  қолжетімді 

платформаларын  пайдалана  отырып,  университеттен  тыс  жерде 

интернет ресурстарын қолдану арқылы меңгереді. 

Семестр басталғанға дейін білім алушылар қашықтықтан оқыту 

технологияларымен  пайдалануды  үйренуі  тиіс  және  «online»  сабаққа 

тіркелу  барысында  барлық  бөлімдерді  дұрыс  толтыруы  қажет:  тегі, 

аты,  тобы,  курсы,  мамандығы,  профиліне  өз  суретін  қою.  Білім 

алушылар оқу-жұмыс орнын интернет ресурстарына қолжетімділікпен 

қамтамасыз етуге міндетті. Оқу үдерісінің кедергісіз өтуіне алдын-ала 

жағдай жасауы қажет (бөгде дыбыстарды ажырату, бөгде адамдардың 

қатыспауын  қадағалау  т.б.).  Дресс-кодты  және  ұқыптылықты  сақтау 

қажет.  


Сабақтар  бекітілген  кестеге  сәйкес  қана  өткізіледі,  кешігуге, 

«online»  сабаққа  қатыспауға  қатаң  түрде  тыйым  салынады.  Сабаққа 

қатысудың  күнделікті  мониторингі  жүргізіледі.  Егер  оқытушы  сұрақ 

қойса,  компьютердегі  арнайы  функцияны  пайдалана  отырып,  қолын 

көтеріп  жауап  беруге  болады.  Сабақ  кезінде  туындаған  сұрақтарды 

платформадағы чатта қоюға болады. 

Білім  алушылардың  ағымдық  бақылауы  пәннің  жұмыс  оқу 

жоспарына  (силлабус)  сәйкес  жүргізіледі.  «Платонус»  ААЖ-ға 




 

электрондық  журналды  толтыру    нұсқаулығына  сәйкес  «online» 



режимінде интернет ресурстары арқылы «Платонус» ААЖ электронды 

журналына баға қойылады.  

 Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып пәндер 

курстары бойынша оқытушылар белгілеген тапсырмаларының «online» 

режимінде  уақытылы  орындалуына  білім  алушылардың  өздері 

жауапты.  Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  пайдалануға  оқу 

мүмкіндігі 

болмаған 

жағдайда 

білім 


алушы 

өзінің 


кураторына/эдвайзеріне/кафедра 

меңгерушісіне/жоғары 

мектеп 

деканына  кез  келген  байланыс  құралдары  арқылы  осы  ақпаратты 

хабарлауға міндетті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет