Байланысты: kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)
5.Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқыктық негіздері. Қазақстанның кеден заңдары 1991 ж. 24 желтоқсанда «Кедендік тариф пен баж туралы» 3аң қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады. Кеден саласының, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал аймағы ҚР біртұтас кеден аумағы болып табылады. Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады.