Ситуациялық есептер
1. Жүк автокөлігінің жүргізушісі Карапетян жол қозғалысының белгіленген ережесін сақтай отырып, машинаны артқы жаққа қарай айдады. Оның жолдастары, соның ішінде Арутюков Карапетянды ұстағысы келді. Арутюков осы мақсатпен, Карапетян машинаны артқы жаққа қарай жүргізе бастағанда, оған білдірместен машинаға келді және қозғалыстағы машинаның артқы доңғалағына тасты кіргізуге тырысты. Осы кезде оның аяғы тастан тайып кетіп, артқы доңғалақтардың арасына қысылды және ол машина астына тарылып басылып қалды.
Сот Карапетянды Арутюковтың өліміне кінәлі деп есептеп, оны соттады.
1) Соттың шешімімен келісуге бола ма?
2) Болған оқиға мән-жайын және Карапетянның оған психикалық қатынасын талдаңыздар?
2. 15 жасар Бокин алмаспен бірнеше автобус пен троллейбустың орындықтарын кесіп тастады.
1) Бокинның әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
3. Әйелі сотқа алимент өндіру тралы арыз береді. Істі қараған судья болса сотқа күйеуін шақырмай тек әйелінің арызы негізінде «Алимент өндіру туралы сот бұйрығын» шығрады.
1) Судьяның әрекеті заңды ма?
4. Ерлі зайыпты Ғалымовтар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Алайда олар Ұлыбританияда оқуда жүргенде балалы болады.
1) Бұл орайда азаматтық алу мәселесіне байланысты қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
5. Ивановтар отбасы Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігіне азаматтық мәселесін сұрап барды. Олар Қазақстан аумағында ешқашан тұрмағанымен, Қазақстан олардың ағайын туыстарының ортақ үйі болып табылады.
1) Ивановтар отбасының азаматтық мәселесі қалай шешілмек?
6. Балалар үйінің қасында ата аналары белгісіз емшектегі бала табылды.
1) Бала кім болып саналады: азаматтығы жоқ адам, бодан, ҚР азаматы?
7. Қазақстан азаматы Мусин басқа мемлекеттің әділет органдарына қызметке кіреді.
1) Оның азаматтығы мәселесі қалай шешілмек?
8. Аудан әкімі аудан тұрғындарының міндетті түрде сайлауға қатысуы керектігі туралы шешім шығарды.
1) Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңнамасына сәйкес пе?
9. Парламент мәжілісінің депутаттары азаматтың сайлауға келмегені үшін айыппұл белгілеуді талап етті.
1) Олардың осындай мәселе қоюы қаншалықты заңды?
10. «Асар» партиясынан партиялық тізім бойынша сайланған Мәжіліс депутаты, партия қатарынан шығады.
1) Оның депутаттық өкілеттігі тоқтатыла ма?
11. Парламент депутатына үміткердің бірі сайлау күні үгіт жұмысын жүргізді.
1) Үміткердің бұл әрекеті заң талабына сәйкес пе?
2) Сайлау кезінде үгіт материалдарын тарату мүмкіндігі қаншалықты?
12. Субъектілердің жүріс тұрысына ықпал ету әдісімен Серіков деген студент әкімшілік құқықтың нормаларын мына төмендегі үлгі бойынша жіктейді: тыйым салушы, құқық беруші, көтермелеуші.
Бірқатар студенттер бұл жіктеменің дұрыстығына күмән келтірді.
1) Сіздің ойыңыз қандай?
13. Қалалық әкім аппаратының екі лауазымды адамы басқа тұлғалармен бірлесіп жарнама агенттігін құрады.
1) Мемлекеттік қызметкерлердің бұл әрекетін заң талабына сәйкес деп тануымызға бола ма?
14. 2002ж. 8 наурызында, сағат 24 шамасында азамат Марков өз үйінің подъезі алдында айқайлап өлең айтып, көршілерінің тыныштықты сақтау талабына құлақ аспай қояды. Көршісі болса учаскелік уәкілге телефон шалады.
1) Марков өз әрекеті арқылы құқық бұзушылық жасады деп санала ма?
2) Учаскелік уәкілге қоңырау шалған көршісінің әрекеті дұрыс па?
3) Сіз бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
15. Азамат Асанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін, сотпен бір жылға көлік жүргізу құқығынан айрылады. Соттаң бұл шешіміне келіспеген асанов болса мүгедек екендігін, тек балдақтың көмегімен ғана жүретіндігін желеу етіп, автомобильсіз жүру оған қатысты емес екенін негіздеп сот шешіміне шағымданады.
1) Бұл жағдайдағы заңдылыққа тоқталыңыз.
2) Тиісті нормаларға сілтеме жасаңыз.
16. Облыс әкімі өз өкімі арқылы некеге тұрмақ азаматтардың жасын он алтыға дейін төмендетеді. Әкімнің бұл шешіміне облыс прокуроры қарсылық келтіреді.
1) Прокурор қарсылығы негізді ме?
2) Атқарушы билік органдары Неке және отбасы заңдарына өзгеріс енгізетін нормативтік актілер қабылдауға құқылы ма?
17. 2002 жылдың наурызында Бергімбекова мен Имантаев үйленетін болып шешті. Ата аналарының ұйғарымы бойынша олар бір айдан кейін некесін мешітте қидырды. АХАЖ органына барған жоқ. Бір жылдан кейін екеуі ажыраспақ болып тиісті органға барғанда ол жақта некені тіркеу туралы құжатты сұрап, жазған арызын қабылдамай тастады.
1) Лауазымды адамдардың әрекетіне баға беріңіз.
18. Алматы қаласының әділет органына Мәскеу қаласында тұратын Израиль азаматы Корида Давидпен неке қию туралы өтінішпен азаматша Асанова Индира жүгінді. Олардың Индираның тегіне жазылған ортақ балалары бар. Корида Давидтің Мәскеуден Алматыға келу мүмкіндігі болмағандықтан Асанова Индира әділет органына өз қолымен жазылған, бірақ Корида Давид жұмыс істейтін мекеменің басшысы куәландырған өтінішті өткізеді. Осылай бола тұрса да әділет органының басшысы Асанова Индираның арызын қабылдаған жоқ.
1) Арыздың қабылданбауы қаншалықты заңды?
2) Асанова Индира қалайша әрекет жасауы керек еді?
19. Некеден тыс пайда болған өзінің жаңа туған сәбиінен құтылу үшін студент Құрсабаева оны тамақтандырмай қойды.
1) Құрсабаеваны қылмыстық жауапқа тартуға боладыма?
2) Қылмысқа оқталу әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылуы мүмкін бе?
20. Алматы тұрғыны Тохтахунов өзі «Иегова куәгерлері» сектасына барып жүріп бірте бірте секта қызметіне өзінің 12 жасар баласы Фархатты тарта бастайды. Бастапқыда бұған мән бермеген әйелі Тохтахунова, ұлы Фархаттың әкесі тапсыруымен сағаттап діни әдебиеттен бас алмайтындығына алаңдай бастайды. Бірақ әйелінің қарсылығынан түк шықпайды. Айлар өтеді, Тохтахунов болса тіпті еш пайдасы жоқ, өнегеден жұрдай жер деп, Фархаттың мектепке баруына мүлдем тиым салады. Баласының тағдырына алаңдаған Тохтахунова заңгер көмегіне жүгінуді жөн көреді.
1) Әкесі Фархаттың қандай құқықтарын бұзып отыр?
2) Неке және отбасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |