6. Әкімшілік құқықтың жүйесі. Әкімшілік құқық айтып кеткендей әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық нормаларды жүйелеуге әкеліп соқтырады.Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі-мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар. Ол келесідей көрінеді: мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларын бекітетін нормалар;әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық қатынастарын бекітетін нормалар; мемлекеттік қызметтің негіздері мен қағидаларын бекітетін нормалар; мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін нормалар; мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері мен тәртібін бекітетін нормалар; әкімшілік іс-жүргізу және ықпал ету шараларын қолдану шарттары.