Өтініш дегеніміз: өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.
Ұсыныс-адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.
Арыз-адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш - хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымда тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.
Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою,сондай ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.
Сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш. Үн қосу - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі.
Достарыңызбен бөлісу: |