Дістемелік кешені


Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында



бет90/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118
Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:

1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар;

2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;

3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;

4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;

5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi;

6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi;

7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар);



8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, жоғарыда аталған талаптары сақталған жағдайда:1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет