Пререквизиттері теория және тәжірибе талаптарына сәйкес студент жоғары дәрежедегі дайындық жақсы білім деңгейі, терең ойлау қабілетіне не әрі мәденитетті болуы қажет. Студент фундаментальды, ғылыми және тәжірибелік дайындығын сәйкестерін, өз мамандығын аса білуі керек, үйемі білімін толықтырып, тәжірибеде еңбекті ғылыми ұйымдастыру қағидаларын қолдана білуі керек.
Постреквизиттері - осы курсты игергеннен кейін оқылатын пәндер: ҚР қылмыстық құқығы, ҚР қылмыстық атқару құқығы
2.4 Оқу пәнін оқыту жоспары
№
тақырыптардың атауы
cабақтүрлері
Қысқаша мазмұны
Сағат саны
1.
Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.
Лекция
Лекцияның қысқаша мазмұны
Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды жіктеудегі жаңаша көзқарастар.Әкімшілік құқықтың әдісі. Құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
2
Семинар
Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.
2
БӨЖ
Әкімшілік құқықтың маңыздылығын түсіндіру. Әкімшілік құқық ұғымына қатысты глосарий құрастырып, қорғау(15- тен кем болмауы керек). Әкімшілік құқықтық қатынастарды реттеуде әкімшілік нормалардың алатын орнын ұғындыру. Әкімшілік құқықтық қатынастарға бір мысал келтіріп, талдау. Әкімшілік құқықтың деректерін түсіндіру.