Дістемелік кешені



бет21/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7:11].
Қосымша әдебиет: 1 .[1.7: 12], 2. [1.7: 13], 3. [1.7: 16].

2 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен нысаны. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер. Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.


1 сағат. 2-апта
Дәріс тезисі: Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым. Оның негізгі зерттеу нысаны: тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі болып табылады. Сонымен, фонетиканың қарастыратын мәселелеріне: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін мәселесі, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың ара қатынасы, орфография, орфоэпия т.б. жатады. Фонетиканың негізгі қарастыратын мәселесі дыбыс болғандықтан, дыбыс сөзінің беретін мағынасын ажыратып алуға тура келеді. Дыбыс сөзінің білдіретін мағынасы өте кең. Табиғаттағы құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы: желдің гуілі, машинаның гүрілі, тақтаға бормен жазсақ та белгілі бір дыбыс шығады т.б.
Дыбыс негізінен екіге бөлінеді: 1. Физикалық дыбыстар, 2. Тіл дыбыстары. Фонетиканың нысаны мен салалары. Адамзат баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің кепілі. әдетте олар сөз ішінде айтылады. Демек, сөз белгілі бір дыбыстардан тұрады. Ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші. Яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы: сан сән, сыз сіз, сөн сән немесе бал тал қал, қап қаш дейтін болсақ, дауысты немесе дауыссыз дыбыстың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл дыбыстың сөз құраушы элементі екенін дәлелдейді. Ал сөз болса ойды жарыққа шығаратын, басқа біреуге жеткізетін құрал болып саналады. Тіл дыбыстарының мәні бірнеше дыбыстың тіркесіп барып белгілі бір заттың, нәрсенің құбылыстың, ұғымның, қимылдың атауын білдіріп, лексикалық мағыналы сөз құрап тұратындығынан көрінеді. Тілдегі буындар дыбыстарға, яғни фонемаларға бөлінеді. Фонема қай тілде болмасын, сөздер мен морфемаларды ажырату үшін жұмсалады. Сөйтіп, фонема сөздерді, тілдегі ұғымдарды мағына жағынан бір-бірінен ажыратуда негізгі қызмет атқарады.
Дыбыс пен әріп – екеуі екі түрлі ұғымды білдіретін сөздер. Ауызекі сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, есту мүшелері арқылы сезілетін физикалық құбылысты тілде дыбыс деп атайды. Жазу тілінде дыбыстарды таңбалау үшін алынған белгілерді әріп дейді. әріп – дыбыстың таңбасы.
Дауысты дыбыстар дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қимылынан пайда болған айтылудағы фонациялық ауаның кедергісіз шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет