Дістемелік кешені


Практикалық, семинар сабақтарының міндеті



бет56/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Практикалық, семинар сабақтарының міндеті:

  • Пәндер бойынша кең және терең білімдерін қорыту;

  • Студенттерге практиқалық әдістерді оқыта отырып, теориялық әдістерге пәндер бойынша анықтама жасауды үйрету;

  • Пәндерді тереңірек үйренуге және оқытылып отырған ғылым саласының ерекшеліктерін қамтуға қатысты ғылыми әдістерді меңгерту;

  • Студенттерге жаңа инновациялық әдістер бойынша алған білімдерін дұрыс пайдалана алуға және практикалық сабақтарды жүргізу барысында нақты шешім қабылдауға үйрету;

2. Практикалық, семинар сабақтарын өтудің түрлері:


Пікірсайыс – оқу тобында немесе бірнеше топтардың жиналған ортасында ғылыми айтыс ретінде көптеген артықшылықтарға ие. Әдетте семинарда жүзеге асырылатын міндеттерден басқа семинардың бұл түрі студенттердің пікір таласу, ой бөлісу, шешендік дағдыларды қалыптастыруға, бірқатар көзқарастар мен идеяларды шұғыл және дәлелдемелермен ашуға кеңірек жол береді.
Пікірсайыс алдында семинар формасы ретінде және басқа да семинар сабақтардың бір элементі ретінде де бола алады. Мұның бірінші жағдайында екі немесе одан да көп оқу топтпрының қосылған кезінде, бір топтар баяндамамен шығып, екіншілерін компоненттері ретінде қатыстырылып сабақ жүргізу өте қызықты болып келеді. Мұндай семинарға ұсынылған сұрақтар теориялық және тәжірибелік жағынан мәнді болуы қажет.
Ал пікірсайыс әдеттегі семинардың бір элементі ретінде оқытушының алдын-ала жоспарлауы арқылы немесе сабақ барысында кенеттен пайда болады. Ой таластыру кейде шашыранды, ұйымдаспаған түрде басталады. Пікірсайысты оқу тобында немесе біріктірілген жағдайда, сабақтан тыс дайын болса, онда пікірталастар тереңірек және мазмұнды болады.
Пресс-конференция- бұл баяндама жасау жүйесінің бір түрі болып келеді. Семинар жоспарының әрбір бөлігін оқытушы бір-біреуден баяндама ретінде жасап келуді студенттерге тапсырады. Келесі сабақта қысқаша кіріспеден кейін, оқытушы бірінші сұрақ бойынша кезекті баяндамашыға береді. Содан кейін әрбір студент сол тақырыпқа байланысты бір-бір сұрақтан қояды. Мұнда сұрақ-жауап жүйесі семинардың басты бөлігін құрайды. Сұрақ қоюға қабілеттілік, соған сәйкес тақырыпқа студенттің дайындығын көрсетеді. Дайындық өте жақсы болса, онда сұрақтың да мәні терең әрі мазмұнды болады. Әуелі сұраққа баяндамашы жауап береді. Әсіресе бұл жағдайда белсенділер баяндамашының дүбрелі, яғни көмекші болып табылады, егер ол алдың ала осылай келісілген болса. Ережеге сай, талданылып отырған мәселе бойынша қызу пікірталас туындайды. Бұл мәсәлә талқыланып біткен соң оқытушы екінші мәселе бойынша келесі баяндамашыға кезек береді. Өзінің қорытынды сөзін оқытушы әрбір мәселеден кейін немесе семинар сабағының соңында айтылады.
Коллоквиум-әңгімелесу тәсілі оқытушы мен студенттер арасында курстың сол немесе басқа тақырыбына байланысты білімді тексеру немесе тереңдету мақсатында жүргізіледі. Әдетте ол семинарда белсенділік таныта алмай жүрген студенттерге қосымша сабақ ретінде ұйымдастырылады.
Жоғарыда қарастырылған семинар сабақтарының әрбір формасының өзіндік артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан қандай да бір мәселені талқылағанда оқытушы қандай мақсатты көздеп отырғанына байланысты түрлендіріп өткізгені жөн. Әсіресе «аралас» семинар сабақтары кең қолдау жабуда. Сабақтың мұндай аралас түрі сабақ барысында әңгімелесудің әртүрлі формасының элементтерін, рефераттың немесе баяндаманың талқылануы, деректердің үзінділерін түсіндірмелі түрде оқу, кейбір мәселелерді студенттердің өз бетінше ойлау арқылы шешу сияқты формаларын қамтиды.
Оқу процесі барысында семинар формаларын күрделендіру қажеттілктері де туындап отыр. әдетте алғашқы семинар сабақтары негізінен кеңейтілген әңгімелесу түрінде өткені дұрыс, оның өзінде көптеген көрсетілген деректерден үзінділерді де келтіріп, түсіндірмелі түрде оқып шығуды да қамтып отыру қажет. Кейін баяндама, рефераттар беріліп, өз бетінше ойлауға жаттығулар ұсынылады. Сабақ түрлерінің осылай алуан түрлі болып келуі психологиялық тұрғыдан да қолдау тауып отыр; ойлау қызметінің сипаттарының ауысып келіп отыруы студенттердің қызығушылығын да, белсенділігін де арттырары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет