Дістемелік кешені



бет67/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 17], 3. [1.7: 18].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 6].
Әдістемелік нұсқаулар: Морфема және оның түрлеріне қатысты мәлімет білу үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріп, қиын мәселелерге қатысты конспект жасаңыз. Түбір морфема мен қосымша морфемаларды ажырат. Сөз тудырушы жұрнақ пен сөз түрлендіруші жұрнақтардың ерекшелігін көрсет. Қазақ тіліндегі жалғаулар, олардың қызметін баяндаңыз. Морфологиялық талдау жасаңыз.

8 семинар сабағы тақырыбы: Жалаң және күрделі сөздер


1 сағат. 8-апта
Сұрақнама:
1. Біріккен сөздер, оның түрлеріне мысал келтір.
2. Қосарлама қос сөздер мен қайталама қос сөздер туралы түсінік.
3. Күрделі атаулардың қысқару жолдары.
4. Біріккен сөздердің емлесі.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Үзінділерден қос сөздерді тауып, қосарлама қос сөздерді бір бөлек, қайталама қос сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар, беретін мағынасын ашыңыздар.
Жатса-тұрса көз алдында (С.Ш.). Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсін-әлсін тоқтап дем алады (Қ.Ж.). Бұл шоқ орман бұлардың қонақтаған жерінен екі-үш шақырым жер оқшау тұр еді. Бүлкілдей желіп, сирек ағаштарды бетке қалқалап, көлденең көзге шалынбайтын жықпыл-жықпылды сағалай тез келіп жетті (Х.Е.).
2-тапсырма. Мәтіндегі жалаң және күрделі сөздерді тауып, құрамын ажыратыңыздар.
Алтай тауларының ұшан-теңіз байлығы да, сұлу көркі де осы сыңсыған ормандармен тікелей байланысты. Сол ормандарда өскен ағаштардың денін бал қарағай, май қарағай, самырсын, шырша, қайың, көк терек сияқты жоғары сапалы ағаштар құрайды (“Парасат”).
Шынында да, Күләш, Үрия, Жамал апалар Елубай, Манарбек, Әнуарбек ағалар ән шырқағанда, туысқан орыс ормандары бас иіп тыңдағандай, ғажайып бір жан тебірентерлік әсер қалдыратын. Автоматтарын қолтықтарына қысып отыра кеткен солдаттардың танктеріне сүйеніп тұрған танкистердің, ұшқыштардың тапсырмаға кетуге әзір отырған барлаушылардың жүздері қаншалықты қатыңқы, ызғарлы болғанмен, бір сәтке соғыс деген апатты ұмытып, әсемдік деп аталатын айдыны шалқар терең бір мұхиттан нәр, қуат алғандай балаша жаудырап, балаша мәз болып отырғандарын көргенде, біздің де қуанышымызда шек болмайтын.
3-тапсырма. Мәтіннен туынды түбірдің лексикалық мағынасының оның жасалуына негіз болған сөздің мағынасымен байланысын түсіндіріңіз.
Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдың өзі. Астында семіз жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ақ жал, сары жорға ат көп жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жараң және зор болатын. Құнанбайдың қалың жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға, әсіресе қысқы жолға мінетін аты осы еді. Үстінде қара құлын жарғағы бар, күміс кісе буынған, қара мақпалмен тыстатып, қызыл түлкі тымақ ктген Құнанбай сырт жағынан қарағанда тіпті зор, көрнекті еді. Қара жарғақ сары атқа жақсы жарасады. Тайпалған қатты жорға өзге жүргіншінің бәрін сар желдіріп келеді. Абайдың Ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. Желісі бір түрлі қатты, мазасыз (М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет