Оқу курсының типі: базалық пәндер
Курс мақсаты: студенттерді математиканың негізгі түсініктерімен және қосымшаларымен таныстыру, негізгі ұғымдар мен нәтижелерді, сондай-ақ нәтижелерді алудың тәсілдері мен әдістерін қамтитын математикалық құралдарды меңгеруге үйрету.
Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер
1. Матрицаларға амал қолдануға, кері матрицаны табуға, матрицаның рангін анықтауға;
2. Анықтауыштарды табуға;
3. Сызызты алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімдерін Крамер ережесі бойынша, матрицалық әдіспен, Гаусс әдісімен табуға;
4. Вектордың жаңа базистегі координаталарын табуға, бір базистен екінші базиске көшу матрицасын табуға;
5. Сызықты оператордың әртүрлі базистердегі матрицаларын табуға; сызықты оператордың меншікті мәндері мен меншікті векторларын табуға;
6. Векторлардың скаляр, векторлық, аралас көбейтінділерін табуға;
7.Жазықтықтағы және кеңістіктегі түзулердің теңдеулерін құруға, олардың өзара орналасуын анықтауға;
8. Функцияны туынды көмегімен зерттеп, оның графигін құруға;
9. Екінші ретті қисықтар мен беттердің теңдеулерін канондық түрге келтіруге;
10. Шектерді есептеуге және анықталмағандықтарды ашуға;
11. Үзіліс нүктелерін саралауға;
12. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешуге;
13. Қарапайым, рационал және тригонометриялық функцияларды интегралдауға, интегралдаудың негізгі әдістерін пайдалануға;
14. Анықталған интегралды есептеуге, анықталған интегралдың көмегімен фигуралардың аудандарын және денелердің көлемдерін табуға қабілетті болуы керек.
|