4.30 Оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау және түзету енгізу мақсатында оның оқу іс-әрекетіне психологиялық сүйемелдеу жүзеге асырылады.
4.31 Білім беру ұйымдары орта білім беру стандартының талаптарын орындамаған жағдайда ата-аналар (немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар), жұртшылықтың өкілдері Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіппен наразылығын білдіруге құқылы.
4.32 Ұлттық деңгейдегі орта білім берудің мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
4.33 Орта білім берудің негізгі міндеті әрбір білім алушыға:
- Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білуге, сақтауға;
- тұлғаның өзін-өзі іске асыру үшін қажет болатын алдағы кәсіби білімі мен қызметіне негіз ретінде сапалы білім алуына;
- қоршаған әлемде - табиғат құбылыстарында, адам мен қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде бағдарлануына мүмкіндік беретін әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісінің негіздерін меңгеруге;
- өзінің білім алу әрекетін тиімді жоспарлай және ұйымдастыра алуға, білімді игеру қызметіне талдау және рефлексиялық әрекет жасай алуға;
- әртүрлі өмірлік жағдайларда дербес шешім қабылдап әрекет етуге, болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға беруге, ортамен бірлесе әрекет жасауда өз пікірін қалыптастыра және жүзеге асыруға;
- қазақ және әлем мәдениеті мұраларының негізінде өзінің бірегей мәдени деңгейін жетілдіруге, жеке тұлғаны қалыптастыратын мәдениеттің аса маңызды жақтары мен аспектілерін бағалай және түсіне білуге;
- өзге мәдениет пен діни конфессияларды уағыздаушылармен құндылықты-түсіністікте ынтымақтасуға дайын болуға;
- айналадағы болмысқа көзқарастар мен нанымдар жүйесі ретінде тұтас дүниетанымды қалыптастыруға және өз - өзіне, табиғатқа, қоғамға жағымды қатынасты қалыптастыруға және соған сәйкес әрекет ете білуге;
- қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына жүйелі түрде қатысуға, қоғам және өзі үшін салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыруға мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |