Дістемелік материалдар


Тақырып 4. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары



бет11/35
Дата19.05.2023
өлшемі201,57 Kb.
#95264
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Тақырып 4. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
1. Педагогикалық менеджменттің мазмұнындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы ұстаным. Ұтымдылық. Менеджмент субъектісі қызметінің аналитикалық ұстанымы. Оқушылар мен оқытушылар қызметінің тиімділігін бағалау және сараптау менеджердің оқу –тәрбие үдерісін бақылаудағы негізгі ережелер. Нақты мақсат қоюдың ұстанымы. Кез-келген деңгейдегі менеджердің қызмет мазмұнының негіздері. Кешендік ұстаным . сызықты басқару және функционалдылық, мақсатқа сәйкес келу. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер. Жүйелердің мақсаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.

Мектеп әкiмшiлiгiнiң, мектеп кеңесiнiң тұрақты түрде есеп берiп отыруы оны талқылауға және шешiм қабылдауға мұғалiмдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмiрiнде демократияның орнығуына негiз қалайды.


2. Басқарудың жүйелiлiгi мен тұтастығы. Педагогикалық процестi басқару жүйесiнiң табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегi басқаруды жүйелiлiк ыңғайының бiрiншi белгiсi – мектептi жүйе ретiнде танып, оның негiзгi белгiлерiнен құралатын осы жүйенiң тұтастығын көре бiлу. Екiншi белгi мектептiң құрылымы болып табылады. Мектептiң байланыстары мен қатынастарының дамуы жүйенiң құрылымына тiкелей байланысты. Жүйенiң үшiншi компонентi оның өзiндiк ерекшелiктерi мен сипаттарынан туындайды, олардың өзара әрекеттесуi арқылы жүйенiң жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердiң тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенiң тұтастығын айқындайды. Мектептi басқаруда жүйенiң төртiншi ерекшелiгi – оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуi екi формада көрiнедi. Бiрiншi жағдайда мектеп өз әрекетiн сыртқы ортаға бейiмдесе, екiншi жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшiн ортаны өзiне бағындырады. Мектептi басқарудағы жүйелiлiк пен тұстастық мектептiң басшысы мен ұжымының басқару қызметтерiнiң өзара байланысы мен өзара әрекеттесуiн де қарастырады.
3. Басқаруды орталықтандыру мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкiмшiлiк басқаруды күшейтуге әкелiп соғатындындығына талай рет көз жеткiздi. Басқаруды орталықтандыру төменгi буындағы жетекшiлердiң, мұғалiмдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерiнiң қатысуынсыз қабылдаған шешiмдердi жай ғана орындаушыларға айналдырады. Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметiнiң тиiмдiлiгiн төмендетедi. Екінші жағынан, орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкiмшiлiктiң рөлiн төмендетiп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметiн жояды. Сондықтан мектепшiлiк басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестiру әкiмшiлiк және қоғамдық органдар басшыларына бүкiл мектеп ұйымының мүддесiн ескерiп кәсiптiк деңгейде шешiм қабылдауға мүмкiндiк берiп, педагогикалық жүйенiң барлық құрылымдық бөлiмдердiң қызметiн жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.
4. Жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат - біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен әміршілдікке жол бермеу. Әрине, басқарудағы жеке билiк тәртiптi қамтамасыз етiп, педагогикалық процеске қатысушылардың өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды. Алайда басқару қызметiнде әрiптестердiң тәжiрибесi мен бiлiмiне сүйенiп, оларды талдамалар жасау мен шешiм қабылдауға қатыстыру, әр түрлi көзқарастарды салыстыра отырып оңтайлы шешiм қабылдаудың маңызы зор. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Сондықтан тактикалық әрекеттердi айқындағанда жеке билiкке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билiкке арқа сүйенген дұрыс.
5. Педагогикалық жүйенi басқарудағы ақпараттардың объективтiлiгi және толықтылығы. Педагогикалық жүйенi басқару тиiмдiлiгi едәуiр дәрежеде қажеттi және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтiлiгi және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегiасығыстыққа, дерексiздiкке қарсы қойылады. Әлеуметтiк педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушiнiң арасындағы байланыс құралы ретiнде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретiнде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптiгiнен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепiшiлiк басқаруда ақпаратты бiржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптiгi де шешiм қабылдауға, оны iске асыруды реттеуге кедергi жасайды. Сол себепті мектепiшiлiк ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдiстерiн жете бiлуi тиiс. Мектеп басшысы өз қызметiне бақылау, сауалнама жүргiзу, тестiлеу, нұсқаулық және әдiстемелiк материалдармен жұмыс жасау жиi қолданылады. Техникалық құралдарды және компьютерлендiрудiң нәтижесiнде материал жинау, оны өңдеудiң мерзiмi едәуiр қысқарды. Қазiргi мектеп басшысының мiндетi – мектепiшiлiк ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгiзу. Ол технологияны басшымен бiрге мұғалiмдер де пайдалана алуы тиiс.
Педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атауға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар мына төмендегілер:
- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;
- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін
жағдай жасау;
- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.
- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана оқушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. . Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:
—мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және
мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;
—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен
жауапкершіліктерін бағалау;
—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жұмылдыра білу.
Барлық қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру кажетгілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті).
Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:

  • білім берудің ізгілік сипатта болуы;

  • біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;

  • білім берудің жалпыға бірдейлігі;

  • білім берудің зиялылығы;

  • білім берудегі еркіндік пен плюрализм;

  • білім берудің демократиялық сипатта болуы;

Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет