Дістемелік материалдар


Адамгершілікқарым – қатынас мектебі



бет17/35
Дата19.05.2023
өлшемі201,57 Kb.
#95264
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Адамгершілікқарым – қатынас мектебі ( 1930 – 1950 ж. ) Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психологы жанадан дами бастаған кезде жарық көрді. Сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторының маңызын мойындай тұрсада олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономиканы ынталандыру және формальдік қызмет қарым – қатынас орнату секілді, нәрселер мен шектеледі. Адамгершілік қарым – қатынас жөніндегі қозғалыс ұйымының негізгі тиімді элементі ретінде адам факторы толық мойындай алмауында жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарас табу кемшілікті шешу мақсатында пайда болатын. Адамгершілік қарым -қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп атайды.
Тейлор мен Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

Тейлор жүйесі

Мэйо жүйесі

Жұмыс істеушілерге энергетикалық ықпал ету

Психологиялық ықпал ету

Жеке еңбекке (кесімді ақыға) сену

Тоқпақ психологиялық заңдылықты ескере отырып, ұжымдық еңбекке сену

Жұмысшыларды әкімшіліктің ұйғару бойынша орналастыру

Жұмысшыларды өзара ұнатуына қарай топтау.

Жұмысшыларға интеллектуалдық іскеқабілетсіз, «үйретілген маймыл» ретінде ықпал ету.

Жұмысшыларға творчестволық іске қаб ілетті адам ретінде ықпал ету

Жұмысшыларды өндірісті жақсарту туралы ойлауға тыйым салу

Жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру

Еңбек процесстеріндегі жұмыс тәртібін жиіжиі өзгертіп отыру

Өндіріс процесінде творчесволық бел сенділікке жол беру

Әкімшілік нұсқауын сөзсіз орындау

Жұмысшыларды өндіріс прцесін тал- қылауға, онда тиісіті шешім қабылдауға қатыстыру

Материалдық көтермелеу, жазамен қорқыту

Өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, олардың мақсатты фирма мақсатын сай келетіндігі туралы ынталандыру.

Жұмысшылардың ішкі өміріне басшылар тарабынан немқұрайды қарау

Адамдарға көңіл бөлу, мастерлердің қарамағындағы жұмысшыларға қамқор болуын насихаттау.

Мэйо «Уэстерн электрик компани» фирмасымен шартқа отырып, Хоторнс қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторларының ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс кезінде бүкіл АҚШ-қа әйгілі болған «Хоторнстік эксперимент» деп аталды.


1926 жылы «Фонд Рокфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіптік зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Мэйо жұмысын дамытты.
1933 жылы Мэйо «Индустриялық өркениеттегі адамгершілік қарым- қатынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басты идея – еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл-күйінің қажеттігі . «Бақытты жұмысшы дегеніміз тиімді жұмысшы», деп тұжырымдайды Мэйо. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек өнімділігін барынша арттыру үшін, оны бақытты ету қажет.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің көрнекті өкілдері К. Арджерис, Ф. Ферцберг, Р. Ликатт, Д. Макгрегор, Р. Блейк т.б.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың ролін орындау, басқару практикасында топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынады.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын, әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осындай қортындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері топшылады: егер басшылар өз жұмыскерлеріне туралы көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет ету, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет