Дістемесі кафедрасы


Лекция 3 Тақырыбы: «Ұғымдар мен әрекет тәсілдері жүйесінің сипаттамасы және мазмұндық –әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері»



бет11/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
Дістемесі кафедрасы

Лекция 3
Тақырыбы: «Ұғымдар мен әрекет тәсілдері жүйесінің сипаттамасы және мазмұндық –әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері»
Жоспар
1.Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Математикадан оқу-әдістемелік кешен және оның құрамына енетін әр құралдың мәні, қызметі, ерекшеліктері.
2.Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалаудың, тексеру мен бағалаудың түрлері.
3.«Сандар мен өлшемдер» сияқты оқу пәнінің мазмұндық –әдістемелік желілерінің: ұғымдары мен әрекет тәсілдері жүйесін оқытудың реті мен сипаттамасы.
4. Оқытудың мақсаты, міндеттері мен нысандарының, оқытудың білімділік (пәндік білімділік, білік және дағдылары) мен құзыреттілік (коммуникациялық, ақпараттық, математикалық және функционалдық сауаттылық, интелектуалды қабілетілік) нәтижелеріне қойылатын талаптарының; әр мазмұндық –әдістемелік желінің материалдары бойынша тапсырмалар іріктеу және сабақтардың үзінділерін дайындаудың сипаттамасы. Әр мазмұндық –әдістемелік желінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытып үйретуде кіріктірілген және пәндік құзыреттілік қалыптастыруға түрлі әдістемелік тұрғыдан қарау.

1. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.


1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.
Бастауыш мектепте математиканың әдістемесінің негізгі ұғымдарының бірі - оқыту әдістері. Оқыту әдістері деп- оқыту-тәрбие жұмысы міндеттеріне сай мұғалім мен оқушы қызметінің өзара байланысын айтамыз. Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады,өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал етеді. Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ережелерін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындатады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Математикалық білімді меңгертуге бағытталған оқытудың әдістері мыналар:
практикалық; ауызша және жазбаша жаттығулар; лабораториялық және практикалық жұмыстар, т.б.; көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, бақылау, т.б.
 сөздік: түсіндіру, әңгімелеу, пікірлесу, т.б.; кітаппен жұмыс істеу: оқып шығу, қарап шығу, баяндау, жоспар құру, т.б.;
 бейне: көру, оқыту, «электронды материалдармен» жаттығулар орындау, т.б.
Математиканы оқытуды ұйымдастырудың формасы:
– математиканы оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылардың белгілі бір тәртіппен және рет
пен жүзеге асыратын іс-әрекетінің сыртқы көрінісі.
Оқушылардың санына байланысты математиканы оқытуды ұйымдастыру формаларын 
бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық және дербес деп, оқу орнына
байланысты мектепте және мектептен тыс деп, оқу уақытының ұзақты
ғына байланысты дәстүрлі сабақ (45 минут), біріктірілген сабақ (90 минут), «қоңыраусыз»
сабақ деп бөлуге болады. Математиканы оқытудың нәтижелері (оқытудың жемісі) - оқу
үрдісінің салдары, алдағы мақсаттың жүзеге асырылу деңгейі.
2. Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың бастауыш мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді. Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара тығыз байланысында
негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау жəне
ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы жəне жиынтық бағалаудан тұрады.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет