Лекция 5
Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру»
Жоспар
1.Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы.
2.Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
3.Сабақ ‑ математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудын негізгі формасы.
4.Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері. Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығы, осыларға барабар әдістері, оқыту құралдары мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары, сабақтың оқу-тәрбие мезеттерінің өзара байланысы.
1.Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе-мазмұнды іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұхият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық-экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаңа мүмкіндіктері мен қырларының ашылуы;
в)педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы.
Математиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен түрады: жалпы және нақты (арнайы) әдістеме. Жалпы әдістеме бөлімі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмүнын, әдістерін, формаларын және оқу қүраддарын қарастырады. Арнайы әдістеме математиканың қазіргі бағдарламасының мазмұнды-әдістемелік негіздерін үйретеді.
Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап береді. 1)Математиканы не үшін оқыту керек? 2)Нені оқыту керек және қандай ретпен оқыту керек? 3)Математиканы қалай оқыту керек? Қандайда болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып –үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай- ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерімен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.
Математика әдістемесі басқа теориялық ғылымдардың барлығына ортақ ғылыми зерттеу әдістерімен қатар өзіне тән әдістерді пайдаланады. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде математиканы оқыту әдістемесіне тән мынадай зерттеу әдістерін бөліп атап жүр:
1) математика мен математикалық білім беру тарихын зерттеп, пайдалану;
2) математиканы оқытудың жинақталған озық тәжірибелерін (өзімізде және шет елдерде) жинақтап, зерттеп пайдалану;
3) математиканың ғылыми идеяларын, әдістерін, тілін пайдалану және оларды дидактикалық өңдеу;
4)эксперимент.
2.Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады, ол – ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегеніміз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікке еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс - әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі.
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта – ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Педагогика саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі жинақталған. Инновация латын тілінде аударғанда “жаңалықты енгізу” деген мағынасын білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады.
Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
- Деңгейлеп саралап оқыту
- Сыни тұрғысынан ойлау
- Дамыта оқыту
- Модульдік оқыту және т.б.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық
қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Профессор Ж. Қараев насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында:
1-деңгей. Оқытушылық деңгей-оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі.
Тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды.
2- деңгей. Алгоритмдік деңгей – үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.
3- деңгей. Эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр-түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
4- деңгей. Шығармашылық деңгей - өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай оны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы 3 кезеннен тұрады:
1. Қызығушылығын арттыру. Оқушыларды «ой қозғау» арқылы сол тақырыпқа әкелу, осы тақырып туралы бұрынғы білетіндерін анықтау, әрі қарай алынатын білімге қызықтыру, белсенділігін ояту.
2. «Мағынаны ажырату» жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушы мәтінді оқу арқылы жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
3. «Ой толғаныс» кезінде оқушылардың сабақтан үйренгенін бекіту, жаңадан алынған ақпаратты пайдалана отырып, білімдерін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізіледі. «Топтастыру», «Болжау», «Венн диаграмма» және т.б. стратегиялар қолданылады. СТО бағдарламасы бойынша сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуға, ішкі сезімін толғанысқа түсіруге, танымдық өрісін кеңейтуге болады.
3.Бастауыш мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Математика сабағының мақсаттары мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық) Сабақтың түрі және типі (аралас, біріккен, ойын, әкскусия т.б.) Сабақтың құрлымы, және олардың арасындағы байланыс; сабаққа дайындық және оны ұйымдастыру. Жаңа сабаққа қойылатын талаптар. Сабақа әдістемелік талдау. Берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесін дайындау, жоспарлау. Сабақты дидактикалық мақсатарына сай құру ерекшеліктері.
Сабаққа даяарлаудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың масаты деп сол сабақта оқытып үйретуде, тәрбиелеуде және одан әрі дамытуда мұғалімнің жетекшілігімен қол жетерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Тақырыпты оқытып үйретуде, тәрбилеуде және одан әрі дамытуда мұғалімнің жетекшілігімен ол жетерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Мақсат анықталған кейін, сабақ құрылымын сол мақсатқа қол жеткізетіндей етіп жасау керек.Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады.
1.Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді менгеру керек . (білімділік ), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамыту), сабақтың оқушыларды тәрбилеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік )мәселелерге мәселелерге жауап беруі тиіс.
2.Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім , іскерлік және машықтар қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек
Сабаққа даярланудың келесі кезеңі оның мазмұнын анықтау. Сабақта өтілетін материалдың мазмұны мен мақсаты, оушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшелері, мұғалімнің іс- тәжірибесі оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды. Мұнда алдымен қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетіні, қайсысы оқушылардың өздігінен орындалуына тапсырылатынын анықтағаны жөн . Егер оқушылардың теориалық алғаш таныстырғанда , олардың тірек болар білімдері мен іскерліктері жоқ болса , онд әңгімелеу, түсіндіру , түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап немесе провлемалап жоқ болса, онда әңгімелеу , түсндіру көрнекілік ,сұрақ- жауап немесе проблемап баяндау әдістерін пайдаланады . бұл жағдайда оқушылардың қызметі мен білімі мен іскерлікті баяндау әдістрін пайдаланады. Бұл жағдайда оқушылардың қызметі мен білім мен іскерлікті жаңғырту сипатында болады. Ал оқушылардың тиіст қоры бар болса, эвристикалық тәсілді қолдануға болады .
Оқыту әдістерін таңдаған кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген орынды. Себебі зейіннің тұрақсыздығы мен шаршау 1,2 сынып оқушыларына тән қасиет. Сондықтан Сондықтан оқу жұмысының әдістері мен тәсілдерін үнемі түрлендіріп, қызметтің бір түрімен екінші бір түріне көшіп отыру , ойын элементтерін жиі пайдалану дұрыс. 3,4 сыныптарда оқытудың проблемалық, зерттеушілік әдістері баым болғаны пайдалы.
4. Мұғалімнің сабаққа даярланудың маңызды буындарының бірі – ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу, жинақтап картатека жасау . Сонымен қатар мұғалімде оқу - әдістемелік топтама болғаны дұрыс. Өзінің немесе әріптесінің жұмысына бақылау жасау үшін мұғалім сабақты талдай білуі қажет. Сабаққа талдау жасау арқылы өзінің немесе әріптесінің қызетіндегі кемшіліктер мен бақылап, өзі үйренеді.
Математика сабағын талдау схемасы:
1.Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы ).Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны.
2.Сабақтың басталуы . Оқушылардың сабаққа даярлығы Оқушыларды оқу ісіне тартуда мұғаімнің пайдаланатын тәсілдері . Жалпы сыныппен жеке оқушымен жұмыс.
3.Сабақ жабдығы . Көрнекіліктің тақырыпқа – талапқа сай болуы . Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.
4.Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту , оқыту міндеттер қалай шешіледі?
5.Сабақтың мазмұны .
Сабақтың материалы негізгі мақсат пен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүргізіледі? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруа септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білу, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5 -7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірі мен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері олардың мазмұны . Математикалық терминдерді қолдану реті теориямен практиканың бірлігі . Жаңа сабақты түсіндіруде , пысықтауда ,қайталауда оқулықта ғы мысал, есептер иіді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс . Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін неізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстінде қанша есеп шығарылады? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс
жүргізіледі ме? Ұйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы.
6. Сабақтың әдістемелік қорлары.Оқу материалын іріктеп алудың негізі,қолданылатын әдістердің жаңалығы,сабақтың мазмұны мен типіне,оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі,сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері,оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы,үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі,оның көлемі мен мазмұны.Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме?Көрнекіліктерді шебер,орынды пайдаланды ма? Сабақ үстінде шығарылған есептер оқушыларды қызықтырып қана қоймай,олардың жан – жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?
7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
8. Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.
9. Қорытындылар мен ұсыныстар.
Математика сабағындағы ең бастысы – оның математикалық мазмұны мен тәрбиелік мәні. Ендеше, сабақ үстіндегі барлық қызмет осы екі нәрсені қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1.Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуын ата.
2.Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қандай?
3.Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру дегеніміз не?
4.Сабақ дегеніміз не?
5. Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлерін ата.
6.Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығын қалай түсінуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |