Дістемесі кафедрасы



бет19/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
Дістемесі кафедрасы

Бірінші топ — танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді;
танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.
Үшінші топ — шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға, сондай-ақ мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  • оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

  • танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

  • танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
— танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.
Қоғам дамуының ең басты шарты — шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек. сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімділік және кәсіби шеберлігі Кажет етеді.


Бақылау сұрақтары
1.Үй тапсырмасының түрлерін ата.
2.Үй тапсырмасының мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауын көрсет.
3. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптарды ата.
4.Пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кіші мектеп жасындағы оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау мен өткізу технологиясы қандай?
5.Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет