Дістемесі кафедрасы


Лекция 8 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру»



бет22/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Дістемесі кафедрасы

Лекция 8
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру»
Жоспар
1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, кызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы.
2.Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, қабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру.
3.Конкурстың және олимпиаданың есептерін шығару.
4.Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау барысында, бастауыш сыныптардағы қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға және математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау.

1.Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.


Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.
Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алыну керек.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.
1) Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
2) Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі.
2.Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегіше:
1. Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға
сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.
2. Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан
тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.
3. Егер сыныптық – сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен
топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.
4. Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар:
топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б.
5. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі
берілген материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі.Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді , суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн. Бөлменің әр жерінде “Біліміңді тексер”, “Ауызша есептеп үйрен”, “Білімді болсаң ұтыс сенікі”, “Сен білесің бе?”, “Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан”, т. б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан–жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.
3.Жастарға дұрыс тәрбие мен білім беру жеке тұлғаның рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ. Өнегелі тәрбие алуға, білім сапасын көтеруге байланысты білім саласында жоспарлы түрде белгілі бір іс – шаралар, әр түрлі жарыстар өтіп тұратындығы белгілі, соның бірі – жыл сайын өтіп тұратын кезеңдік олимпиадалар. Математикадан өткізілетін сайыс пен конкурс, оқушы шығармашылығы, ғылыми жоба әлде олимпиада болсын олардың мақсаты дарынды, талантты балаларды айқындаумен қатар, математикалық білім мен сауаттылықтың қажеттілігін насихаттау арқылы математика тек математиктерге ғана керек деген кереғар пікірден, керісінше, математика ғылымының іргелілігін, оның білім бастауының негізі екенін көрсету, ал қоғамның интеллектуалдық мүмкіндігінің критерийі (көрсеткіші) математикалық сауаттылықтың даму қарқынына қашанда болса тәуелді болғандығын және болатындығын ескерту, соған баса назар аударту болып табылады.
Математикалық олимпиадалардайындығы неғұрлым жоғары оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда қомақты табыстарға жету үшін алдын ала даярлық жұмысын жүргізетін жөн. Даярлық жұмысын жүргізудің жолдары да әр алуан. Мәселен, алғашқы кезеңде арнай стенді және сол есептер мен жаттығулардың мазмұны ілінеді және сол есептер мен жаттығулар бойынша ұдайы консультациялар жүргізіледі.
Сонымен бірге, жалпы мектептік математикалық олимпиадаларға оқушыларды дайындау кезеңінде арнайы қабырға газетін шығарып, бұрынғы олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен сұрақ-жауап кешін ұйымдастыруға болады.
Мектептегі математикалық олимпиадаларды аудандық (қалалық) олимпиадалардың алдында (әдетте, үшінші тоқсанның басында (екі турда) сырттай және көзбе-көз) өткізеді.
Сырттай өткізілетін турға талапкер оқушылардың бәрі қатыстырылады. Шығаруға ұсынылатын есептердің әрқайсысына тиісті балл тағайындалып, олимпиада жеңімпаздары жинаған балл бойынша анықталады.
Олимпиаданың келесі турына бірінші турда жеңіске жеткен оқушылар қатыстырылады. Мұның жеңімпаздары аудандық (қалалық) олимпиадаларға жіберіледі. Әрине, жеңімпаздарды мадақтап отырудың өнегелік маңызы бар.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде математикалық күн немесе математикалық апталық кең қолданылады. Олардың негізгі мақсаты – сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек тарту және олардың математикаға ынтасын арттыру.
Математикалық апталыққа немесе күнге даярлық жұмысы бір –екі ай бұрын басталады. Үйірме сабағында олардың жоспары жасалып, арнайы жарияланады жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мәселен, қабырға газетін шығару, қол-жазба журнал шығару, стенділер даярлау, ғылыми бұхаралық әдебиеттер шығарумен, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын коллективтік тапсырма ретінде беруге болады.
Әдетте, математикалық апталық немесе күн стенділер, альбомдар қабырға газеттерінің конкурсынан басталып математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізуімен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.
Математикада есеп шығаруға ерекше мән беретіндігін білеміз, сондықтан олимпиада барысында оқушылардың орындаған жұмысы көбінесе олардың есептерді шығаруға қаншалықты төселгендігі арқылы бағаланады. Ал есеп болса сан қилы, оның белгілі бір жолы, қалыптасқан формуласы әр уақытта бола бермейді, ендеше оқушының мақсаты есеп қиын не оңай болсын оны шығарудың дұрыс жолын жаңылмай таңдай білуінде. Дұрыс, әдемі әрі тиімді де қысқа жолды таңдай білу – ол баланың тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, дербестігін білдіреді. Мұндай ерекше оқушылардың әрі қарай тапқырлығын дамыту үшін оларды тек оқулықпен шектемей, қосымша әдебиет пен кезекті басылым беттерінде кездесетін қызықты, конкурстық, стандарт емес олимпиадалық есептерді талдап шығаруға әрқашан бағыт – бағдар беріп отыру керек.
Логикалық есептер: Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
Математикалық викторина Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет