Бақылау сұрақтары
1.Сандармен амалдар орындауда амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері қалай түсіндіріледі?.
2.Өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
3.0 мен 1-дің қасиеттері қандай?
4.Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту әдістемесін көрсет.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2. Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3. Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б.
4. Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық.- 2-ші бас.- Астана: Фолиант, 2010.- 468 б.
5. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
6. Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Мәтін]: оқу құралы / К.С. Алиева.- Шымкент, 2014.- 80б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
7.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
8.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова Е.И
Лекция 11
Тақырыбы: ««Сандар мен өлшемдер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқытудың технологиясы»
Жоспар
1.Шамалар және өлшем бірліктер. Желінің нысандары: ұзындық, масса, сыйымдылық, шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік.
2. Шамалар мен оларды өлшеуді кезеңдер бойынша оқыту және қарапайым шамалар мен олардың бірліктері жайлы түсініктерді пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру, шамалардың мәндеріне (қысқаша шамаларға) амалдар қолдану технологиясы.
3.Шамалар және өлшем бірліктер. Желінің нысандары: уақыт, аудан, көлем, монеталар мен купюралар; шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік.
4. Шамалар мен оларды өлшеуді кезеңдер бойынша оқыту және қарапайым шамалар мен олардың бірліктері жайлы түсініктерді пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру, шамалардың мәндеріне (қысқаша шамаларға) амалдар қолдану технологиясы.
1.Бастауыш мектепте ұзындық , масса , сыйымдылық , уақыт , аудан , көлем сияқты нақты шамалар туралы түсінік қалыптастырылады. Шама бізді қоршаған дүниенің ( заттар , құбылыстар, т.б) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Шамаларды оқыту арифметикалық амалдарды және сандарды оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі. Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және практикалық іс –әрекеттерге сүйене отырып , шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асырылады :
Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі ;
Біртекті шамалар салыстырылады ( сезіну , көз мөлшерімен , беттестіру , еркін алынған шартты өлшеуіштер көмегімен және т.б арқылы ) ;
Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да , онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;
Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процесі көрсетіледі ;
Шаманы өлшеудің жаңа бірлігі енгізіледі және оның өмірдегі мұқтаждықтан туындап отырғандығына көз жеткізіледі , өлшеу бірліктерін түрлендіреді , яғни олардың бірінен екіншісіне көшеді және әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасы тағайындалады ;
Өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтырылады ;
Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |