1.Есептің мазмұнымен таныстыру.
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – оны оқып шығып, онда келтірілген жайттарды көз алдына келтіру. Есепті балалар оқиды. Мұғалім есепті балаларда тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқудың маңызы зор.Мысалы «бар еді» «кетіп қалды », «қалды», «бірдей болды »т.сс.сөздерді баса айту , есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту.
2.Есептің шешуін іздеу.
Оқушылар есепке кірістірілген шамаларды, берілген сандар мен ізденді сандарды айқындай түсуі, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есепті шығару жоспарын талдау және оны құру жатады.
Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандардымүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін, көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1кл-н бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.
1.Балықшы 10 шортан балық одан 8-і кем табан балық ұстады.Балықшы қанша шортан және табан балық ұстады?.
Ш -10 дана
Т -? одан 8-і кем
Барлығы-?
2.Трактор 6 сағат жұмыс ішінде 48 л жанар май жұмсады. Трактор сағатына сондай норма жұмсап отырғанда 12 сағат жұмыс ішінде қанша литр жанар май жұмсады ? таблицамен көрсетуге болады.
Жанар майды жұмсау нормасы
|
Жұмыс сағаты
|
Жалпы жұмсалған жанар май
|
бірдей
|
6 сағат
12 сағат
|
48литр
?
|
3.Чертеж арқылы иллюстрациялауға болады. Оқушылар оқу жылының басына қарай костюм, бәтеңке және тымақ сатып алды. Костюм 24 сом тұрады. Ол бәтеңкеден 3 есе қымбат, ал бәтеңке тымақтан 2 сом қымбат. Барлық сатып алған зат қанша тұрады.1 сомды ұзындығы 1 см кесінді түрінде кескіндеп, чертеж сызамыз.
К ______________________
Б ___________
Т _________
Есеп шартын нәрсе түрінде кескіндеуге болады. «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр.Олардан 5 қыз бала, 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды: Барлығы қанша бала үйлеріне кетті.»
Достарыңызбен бөлісу: |