Дістемесі кафедрасы



бет18/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Дістемесі кафедрасы



1. Математикадан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеріп алуына көмектеседі. Мұғалім мен ата-анаға оқушының жетістіктерін біліп отыруына мүмкіндік береді, үйде балалардың бос уақытын ұйымдастыруына көмектеседі, оларда бағалы қасиеттерді: еңбек сүйгіштік, жинақтылық, тәртіптілік, мұқияттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Үй тапсырмаларының мақсаттары түрліше болуы мүмкін: білімдері мен практикалық біліктерін (мысалдар есептер шығара білуін) бекіту, алған білімдері мен біліктерін (оқып үйренілген есептеу әдісіне мысалдар құрастыру) жүйеге келтіру және қорытындылау; оқушыларды келесі сабақта өткізілетін жұмысқа (өмір құбылыстарын бақылау, сан материалдар жинау, көрнекі құралдар жасау т. с. с.) дайындау.
Үй тапсырмалары жекелік (көбінесе) және топтық бола алады. Оқушылардың бірнеше топқа бөлініп жалпы сынып тапсырмасының бөлігі болып табылатын, қандай да бір тапсырманы орындайтын түрі.Мысалы, сан материалды жинау кезінде бір топ оқушы оқу құрал-жабдықтарының бағаларын біледі, екінші тобы - азык-түліктің бағасын, үшіншісі - ойыншықтардың бағаларын біледі. т. с. с. Топ-топқа бөліп үйге берілген тапсырмалар оқушыларды коллективизм (бірлестік) рухында тәрбиелеуге, балалардың тапсырылған іске жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі. 
Үйге берілетін оқу тапсырмаларын басқаруды мұғалім оқушыларға нұсқау беру арқылы
және орындалған жұмысты тексеру арқылы жүзеге асырады. Оқушыға үй тапсырмасының мақсаты айқын болуы манызды, сонда ол қызғылықты болмаса да көптеген қажетті жұмыстарды ынтамен істей алады. Оқушы үйге не тапсырылғанын қалай орындайтынын білуі қажет. Сондықтан үйге тапсырма бергенде істеу керектігін міндетті түрде айтып, оны қалай істеу керектігін екжей-текжейлі нұскау беруден неғұрлым қысқаша нұсқауға көше отырып, түсіндіру керек. 
Үй тапсырмаларының көлемі өте үлкен болмауы тиіс.
Үйде өздігінен жұмыс істеуі оқушылардың математика курсын игеруіндегі маңызды да қажетті. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру мақсатында оқулықтағы тиісті мәтінді оқыту мен есебін шығарумен шектелмей, түрлендіру мен байланысты іс-әрекетті жүзеге асыру керек.
Үй тапсырмаларының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйде берілген есептерді сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша математикалық диктант, конспект жаздыру, т.б. жолдармен анықталады.
Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғысбас үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды орындау жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта өткен материалды оқулықпен немесе ондағы қосымша мағлұматтармен байланыстырмаса , сыныпта шығарған ұқсас есептер бермесе , оқушылар сөзсіз қиындыққа ұшырайды.
Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің де маңызы зор. Математикаға икемі бар және қабілеттірек оқушыларға әртүрлі тақырыпта шығармашылық тапсырмалар беріп, зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда, баяндама немес реферат жазғанда ерекше қамқорлық көрсетудің орны бөлек.
Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жеке ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі , көп уақыт алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершіліктерін арттырып , өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеруді түрліше жолдармен жүзеге асыруға болады. Жазбаша жұмыстарды мұғалім үйде де, сабақ кезінде класта да тексереді. Үй тапсырмасының жазбашасын да, ауызшасын да сабақтың кез келген кезеніңде тексеруге болады. Тексеруді жаңа материалды оқып үйренуге дайындау үшін пайдалануға болады. Басым көпшілігінде үй тапсырмасын тексеру оқып үйренілген материалды қаншалықты ұғынғандарын тексеру және бағалау болып табылады (оқушылардың ауызша жауап беруімен не өзіндік жұмысымен бірігіп кетеді). Балаларга үйге берілетін оқу ісіне байланысты жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, мұғалім оқушының семьясы мен тығыз байланыста болуы қажет. Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда тиісті көмек көрсету керектігін ата-аналарға түсіндіргені жөн. 
Рефлексияоқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.
2.  Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері 
1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;
2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;
3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;
4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі; 
5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау; 
7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);
8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);
9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары: 
3. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
4. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттыру .
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмекгеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар «барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті онды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:
-Тұрақты оқушылар тобы;
-Әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;
Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.
Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
-Әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
-Математика,физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;
-Оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлер мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көз қарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды. Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақсарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет