Дістемесі кафедрасы



бет29/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Дістемесі кафедрасы

Ұзындық және оны өлшеу
Ұзындық өлшем бірліктеріне бастауыш сынып оқулықтарында қысқаша мағлұмат беріледі . Оқулықпен жұмыс.
См- ұзындықты өлшеу бірлігі . Кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу және өлшеудің үлгісі ретінде сантиметрді қолданудың ерекшелігімен таныстыру және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету. Заттың ұзындығын салыстыру тәсілдерін еске түсіріп , солардың жиі қолданылатын құралы ретінде шартты өлшеуіштің көмегімен заттардың ұзындықтарын өлшеу және шыққан нәтижелерді салыстыру тәсіліне назар аудару . Шартты өлшеуіштің үлгісі ретінде ұзындығы 1 см жолақшаны таңдап алу және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу . Екі қарындаштың ұзындықтарын салыстыру . Ұзындығы 1 см жолақшаны әр қарындашты бойлай біртіңдеп салу. Оның неше рет салынғанын білдіретін сандарды салыстыру . Сантиметр жайында мағлұмат беріп , соның көмегімен сызғыштың ұзындығын өлшеудің үлгісімен таныстыру .
Дм – ұзындық өлшеуіші дециметр , оның мәні , белгіленуі туралы түсініктер қалыптастыру . 1 см жолақшаны бір-біріне жалғастыра 10 рет кесіндіні бойлай салып немесе ұзындығы 9 см –ден 1 см артық кесіндінің ұзындығы 10 см болатыны , 10 см математикада дм деп аталаты,ны түсіндіріледі. Әрі қарай дециметрдің көмегімен әр түрлі ұзындықты өлшеуге машықтандыру жүзеге асырылады және осы өлшеу бірлігінің тұрмыстық қажеттігінен және мұқтаждықтан туындап отырғандығы аңғартылады . Сантиметр немесе дициметр сияқты бірліктермен өлшенген ұзындықтарды қосу және азайту сәйкес сандарды қосу және азайту амалдарын орындаумен жарыстыра қарастырылады , түрлендіруде 1 дм =10 см орындалуы мүмкін .
Метр – күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің бірлігі. Метрмен және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән-жайымен оқушыларды таныстыру , ұзындықтың бірліктері метр , сантиметр дәне дециметрлердің ара қатынасын ажырату , ұзындығы 1 дм жлақшаны 10 рет салып , жаңа ұзындық өлшеуіш метрмен таныстыру . 1 м =10дм .1 м=100 см қатынастарын түсіндіру .
Км – ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру және оның метр , сантиметр , дециметрмен ара қатынасын айқындау ; өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру , өткеді ( см, дм, м) қайталау . Екі ауылдың , екі қаланың , өзенінің арасын метрмен өлшеу тиімсіз екенің , м –ден үлкен бірліктің қажеттігін ұғындырып , км ұғымымен таныстыру . 1 км =1000 м.
Ммсызғышты пайдаланып , кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету , Ұзындықтың өлшем бірлігі – миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету. Өткенді қайталау ( см, дм, м, км,) арасындағы қатынасты қарастыру . Сыныпқа шеге әкеліп ұзындығын өлшету . Балалар 1 см және 3 кішкене бөлік шықты дейді . Мұғалім : - Балалар 1 см және 3 кішкене бөлік шықты дейді . Мұғалім : - Балалар осындай ұзындығы қысқа нәрселерді миллиметрмен өлшейді . 1 см-де 10 мм бар . Сызғыш бойынан көрсету . 1 см 10 кішкене бөлікке бөлінгеннін , оны миллиметр деп атайтынын түсіндіреді.
Кг – заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – масса жайынды түсінік беру және оның бірлігі килограммен таныстыру , таразының көмегімен заттың салмағын өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Заттың салмағы болатынын , көз мөлшерімен және мөлшері бірдей мақта мен тасты оқушының екі алақанына салып , олардың әсерінің түрліше болатынын аңғарту , салыстыру үшін арнайы таразылармен немсе кіртастың көмегімен өлшейтінің түсіндіру , оқулықтағы суретті пайдалану.
Литр – заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі – литрмен таныстыру . Литрдің қажеттігі мен сыйымдылықты өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру . Сыйымдылық туралы қарапайым түсінік беру мақсатында әңгіме жүргізу . Дүкенші сүт сатқанда немен өлшейді ? Оның литрмен өлшенетінін айтып практикалық жұмысқа ауысу , яғни 3 л шыныдағы суды 2 л және 1 л шыныға құйіып 3 түрлі ыдыстың сыйымдылықтарының әр түрлі екеніне оқушының көзін жеткізу , түсінік беру , салмақ бірліктерінің ара қатынасын тағайындау . Әр түрлі бірліктердің қолданылуы н өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру.
2.Аудан қарапайым шамалардың , соның ішінде геометриялық шамалардың мысалы болып табылады . Алдымен , ауданға ие болу қасиетінің қандай да бір затқа , яғни нәрсеге тән екенін , яғни аудан – заттың қасиетін сипаттайтының түсіндірген жөн . Көрнекі құралдарды пайдаланып , көз мөлшерімен және беттестіру әдісімен заттардың аудандары бірдей немесе аудандары әр түрлі болатынын көрсетуге болады , яғни салыстырып артық , кем , тең , деп айтуға болады. Жазық фигураларды беттестіру кезінде олардың аудандары әр түрлі болса , бірінің ішіне бірі толық сыйып тұрады , ал аудандары бірдей болса , онда екеуі дәлме-дәл келеді.
Ауданды оқып үйрену мына ретпен жүзеге асырылады :
1.Алып тұрған орнына байланысты ( үстелдің үстінде , партада , тақтада , бір бет ақ қағазға орналасатын) фигуралардың аудандарына тең еместігі анықталады.
2. Фигураларды беттестіру арқылы салыстыру барысында аудан термині енгізіледі.
3.Фигураны бірнеше бөліктерге бөліп , шыққан бөліктерден басқа фигура құрастырып , санау арқылы олардың аудандары салыстырылады .
4.Тіктөртбұрыш ( шаршы) туралы түсінік қайталанып , олардың қасиеттері еске түсіріледі де , ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр енгізіледі .
Осы сияқты шаршы дециметр , шаршы метр енгізіледі де , ауданның барлық белгілі өлшем бірліктерінің арасындағы байланыс анықталады , яғни
1м = 10дм 1м = 100дм
1дм = 10 см 1дм = 100 см
1м = 100см 1 м = 10000 см
Барлық фигуралардың ауданын жоғарыда көрсетілген тәсілдермен анықтау мүмкін емес , мысалы , үшбұрыш , дөңгелек , т.б.фигуралардың ауданын табу үшін не істейміз ? Оны шаршыларға бөлеміз . Бірақ та оларда бүтін шаршылардан басқа жарты шаршылар да болады . Жалпы , шаршы сантиметрлерге дәл бөлінбейтін геометриялық фигуралардың ауданын табу үшін палетканы пайдаланады .
Палетка дегеніміз – тең шаршыларға бөлінген мөлдір пластика. Палетканы еңбек сабағында оқушылардың өздеріне рамаға жіп тарту арқылы немесе калькаға тор түсіру арқылы жасатуға болады. Ең қарапайым палетка қағазға қабырғасы 1 см –ден шаршылар сызу . Палетканы өлшенетін фигураға салып , барлық алып тұрған шаршылардың санын екіге бөліп , нәтижелерді қосу керек.
Балалар көпбұрыштың ауданы мен периметрі ұғымдарын шатастырмауы үшін , геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін қатар табуға арналған жаттығулар қарастырылады .
Бастауыш мектепте қарастырылатын шмалардың бірі – уақыт аралығы . Уақыт туралы алғашқы түсінікті балалар мектепке дейінгі кезеңде алады.Күн мен түннің ауысуы , жыл мезгілдерінің ауысуы , сағат , минут , апта күндері , жыл , ай , баланың өміріндегі режимдік мезеттердің ауысуы –уақыт жөніндегі түсінікті қалыптастырады.
Уақыт туралы түсінік қалыптастыру ұзындық , масса туралы түсініктергі қарағанда оқып-үйренуі әлдеқайда күрделірек. Уақыт үздіксіз өтіп жатады . Сондықтан да уақыт туралы түсінік ұзақ бақылаулар , өмір тәжірибесінің жинақтауы барысында баяу қалыптасады. Бірлік ретінде алынған уақыт аралықтарын тек бір рет қана пайдаланады. Сондықтан уақыт бірқалыпты пайдаланылатын оқйғамен байланысты болуға тиіс . Сондай бірліктер ( тәулік , жыл , ай , ғасыр ) табиғаттан алынады , ал сағат , минут , секунд сияқты уақыт өлшем бірліктерін адамдар ойлап шығарған .
Күн тәртібін және табиғат күнтізбесін жасау , ертегі , әңгіме , кинофильм көргендегі оқиғаларды ретімен қабылдау уақыттың өзгерісін көруге , уақыттың өтуін сезінуге көмектеседі. Көрнекі құрал есебінде жылжымалы күнтізбе , сағат үлгісі болғаны дұрыс . Уақытты бағдарлай білу арқылы қабылдау сезімін дамытуға болады.Адамдардың жас шамасын салыстыру арқылы жас адам , кәрі , орта жастағы , бала , үлкенірек , жасырақ , жас шамасы бірдей-құрдас , т.б. маңызды ұғымдарды да меңгереді. Уақыт бірлігін саналы қабылдауға дайындау үшін күнтізбемен жұмысты жүргізу керек. Мысалы , бүгін 1 қазан , алдыңғы ай қалай аталады, келесі ай қалай аталады ? Күнтізбе арқылы айды ретімен атауды , әр айда қанша күн болатынын , ұзақтығы жөнінен бірдей айларды көрсетіп , жылдың ең қысқа айын ( ақпан) атап (28,29 күн ) көрсетеді. Күнтізбе бойынша айдың рет нөмірлері айтылады. Мысалы : жылдың 10-шы айы қалай аталады ? Санағанда қыркүйек нешінші ай ? Туған күндерің аптаның қай күніне және айдың нешесіне сәйкес келеді ? Тәулік туралы ұғым беру үшін балаларға кеше таңертеңнен бүгінгі таңертенге дейін не істейтіндерін жазып әкелу тапсырылады да , уақыт : таңертең , күндіз, кеш , түн пысықталынады . Осындай уақыт аралықтары тәулік делінетіні айтылады . Күн мен түн түн ауысты , тәулікті тауысты ,, деген мақалдың мағынасы түсіндіріледі.
Сағат пен минут туралы түсінік балалардың математикалық практикалық іс-әрекеті арқылы , бақылаулар арқылы қалыптасады . Бір сағат бір сабақ пен үзілістің ұзақтығы . Бір минуттың ұзақтығын білу үшін : 1 минут ішінде нешеге дейін санай аласың ? Қанша мысал шығарысың ? Неше сөз айта аласың? –сияқты сұрақтарға жауап берген жөн . Ал уақытты үнемді жұмсай білуге үйрету үшін Минут сағатты сақтайды деген мақалдың мағынасын түсіндіру қажет.
Қазақстанда 1 минутта , 1 сағатта , 1 жұмыс күнінде қанша өнім шығаратыны жөнінде сан мағлұматтарын келтірудің тәрбиелік мәні зор.
Ғасыр қарастырылатын уақыт бірліктерінің ең ірісі . Миллиметрлік қағазға 1 жылды 1 миллиметр деп алып ұзындығы 100 мм кесінді сызып , осы көрнекіліктің негізінде балалардың қаламыздың , астанамыздың , ауданның , ауылдың жасын ғасырмен салыстыруына болады . Осындай жүз жылдықтарды кескіндейтін уақыт лентасын пайдаланып , біз қай ғасырда өмір сүріп отырмыз , тарихи оқиғалар ( Отан соғысы , бірінші қазақтың космос сапары , Сырым Датұлының , Кенесары , Абай , т.б азаматтардың жасы ...) қай ғасырда болғаны , ХХ ғасыр қай жылдар және т.б. анықтайды . ( М-2.35 –бет ) Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру ; Сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау.
Сағаттың қысқа тілі сағаттық тіл деп аталады. Ол үлкен екі сызықшаның аралығын 1 сағатта жылжып өтеді. Ұзын тілі минуттық тіл деп аталады . Ол кішкене екі сызықшаның аралығын 1 минутта жылжып өтеді . 1 сағатта 60 минуттар бар . Уақыт аралығын минутпен және сағатпен өлшегенде 60 минут 1 сағат құрайтыны есте болу керек . Ал 24 сағат 1 тәулікті құрайды . Уақыттың бұлардан басқа бірліктері де бар :
Тәулік , апта , ай , жыл , мүшел , ғасыр . Уақыт бірліктерімен және олардың арақатынасымен таныстыру .
Сағат үлгісінің көмегімен күннің шыққан уақытынан бастап , ұясына батқанға дейінгі және түнгі уақыттан күн шыққанға дейінгі уақытта бір тәулік өтетіні түсіндіріліп беріледі. Тәулік дегеннің ертеңгіліктен келесі ертеңгілікке дейінгі , кешкіліктен келесі кешкілікке дейінгі уақыт мерзімі екендігі түсіндіріледі . Тәуліктің басы түнгі сағат 12 , сондықтан күндізгі 12-де 12 сағат болады . Ал түнгі 12-де тағы 12 сағат болады , яғни 12+12=24 сағат немесе 1 тәулік .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет