х – қапшықтар саны.
3 * х кг – барлық қапшықтардағы ұн массасы.
(10 + 2) кг – барлық кір тастардың массасы.
Таразы басы теңесіп тұрғанын білгеннен кейін, теңдеу құрамыз:
3 * х = 10 + 2
3 * х = 12 Тексеру:
х = 12 : 3 3 * 4 = 10 + 2
х = 4 12 = 12
Жауабы: 4 қапшық ұн.
г) Осындай жұмыстан кейін оқушылар өз беттерімен теңдеу құру арқылы есептерді шығарады.
а) х – тауықтардың саны
х * 3 – тауықтардың артқан саны
12 : 2 – балапандардың кеміген саны
Тауықтар мен балапандардың саны тең, теңдеу құрамыз:
х * 3 = 12 : 2
х * 3 = 6
х = 6 : 3
х = 2
Тексеру: 2 * 3 = 12 : 2
6 = 6
Жауабы: 2 тауық.
4.Ал, ілгеріде есепті теңдеу құру арқылы шығарғанда есеп мазмұнына орай құрылатын теңдеудің құрылысы оқушылар шеше алатын, яғни түбірін таба алатын теңдеулердің құрылысындай болу тиіс. Алайда, есептің өзі бойынша жүргізілетің талқылауға байланысты әр түрлі теңдеулер құрылуы мүмкін. Осындай жағдайда оқушыларға әріпті өрнек болып келетін теңдеулерді шешу тәсілімен оқушыларды біртіндеп таныстыруды жүзеге асыру артық болмайды. Алайда құрылысы осындай теңдеулерді шешу және осындай теңдеулер құру арқылы есепті шығару бағдарламаның міндетті талабының қатарына жатпайды, керісінше мүмкіндік деңгейіндегі алатын құрамына енеді, сондықтан бұл мәселені игеріп алу барлық балалар үшін міндетті болып табылмайды. Ал барлық балалар үшін міндетті екі амалмен шығарылатын есепті алгебралық шешудің мән-мағынасын жете түсіну және кажет болғанда, есепті шеше алатындай теңдеу құру арқылы шығаруды үйрену болып табылады.
Амал компоненттерінің бірі санды өрнек болып келетін теңдеуді шешудің оқушыларға белгілі тәсілдеріне ұксас болғанмен, біршама күрделі болып келеді және теңдеуді шешу білігі арта түседі.
Теңдеу кұру арқылы әр түрлі тақырыпқа байланысты және құрылысы да бір-бірінен өзгеше есептерді шығару ұсынылады.
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдерін қарастырумен байланысты жұмыс ұғымдар мен терминдердің болатыны жайында мағлұмат беру қарапайым және кұрылысы біршама күрделі теңдеулерді әр түрлі білімге сүйеніп кұру және шешу сияқты мәселелердің төңірегінде өрбиді. Бұл да келесі сыныптарда математиканы оқып үйрену үшін өте қажетті дайындық болып табылады.