3.Есепті талдау. 1) есептің сұрағынан сан мәліметтерге қарай (аналитикалық).
2) сан мәліметтерден сұраққа қарай (синтетикалық).
4.Есепті шығару. Есепті шығару- шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шығару ауызша және жазбаша орындалады. Бастауыш кластарда есептің шешуін жазудың мына түрлері пайдаланылады.
1.Есеп шешуін өрнек түрінде жазу. а) түсіндірмесін жаза отырып, өрнекті біртіндеп құру.
б) түсіндірмесін жазбай, өрнекті біртіндеп жазу.
в) жеке амалдарды және түсіндірмесін жазбай өрнектерді жазу.
2.Есептің шешуін теңдеу түрінде жазу. а ) түсіндірмесін жаза отырып, біртіндеп теңдеу құру .
б ) түсіндірмесін жазбай біртіндеп теңдеулерді жазып көрсету.
в ) жеке амалдарды және түсініктемесін жазбай теңдеуді жазу .
3.Есеп шешуін жеке амалдар түрінде жазу. а ) түсініктемесін жаза отырып.
б ) түсініктемесін жазбай.
4. Есептің шешуін тексеру. Есеп шешуі тексеру – оның дұрыс немесе қате екендігін тексеру.
Бастауыш сыныпта тексерудің 4 тәсілі қолданылады.
1.кері есеп құрастыру және шығару.
2.есепті шығару нәтижесінде алынған сандар мен берілген сандар арасындағы сәйкестікті тағайындау.
3.есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
4.ізделіп отырған санның шекарасын тағайындау.
Жай есеп - бір амалмен шығарылатын есеп. Жай есептерді шешу барысында есеппен және оның құрамымен алғашқы таныстыру жүзеге асырылады. Жай есептерді шешу барысында оқушылар есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді.
Жай есептерді шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының біріарифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғым қалыптасады. Жай есептерді шешу -құрама есептерді шешу біліктерін игертудің дайындық басқышы, яғни құрама есептер бірнеше жай есептерді шығару барысында шешіледі.
Жай есептердің түрлері және жүйесін қарастырайық. Есептерді шешу барысында қалыптасатын ұғымдарға байланысты оларды топтауға болады.
I ТОП. Әр арифметикалық амалдың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.(5-түрлі жай есеп)
II ТОП. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тағайындайтын жай есептер белгісіз компонентті табуға арналған есептер.(8-түрлі жай есеп)
III ТОП. Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.(12-түрлі жай есеп)
Бірінші сыныпта оқушылар салыстыру арқылы жай есептердің бірнеше түрлерімен танысады. Есептің әр түрін салыстыру барысында оқушылар олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтайды. Оның үстіне олар есептердің кейбір түрлері бір – бірімен байланысты екендігін байқайды. Бұл есептің арифметикалық амалдармен шығарылатынына байланысты туындайды, ал амалдардың өзара байланысты, мысалы, қосу азайтумен, ал көбейту бөлумен байланысты екендігі белгілі. Осыған орай, “кері және өзара кері есептер” ұғымдары пайда болады.
1. Кері есептермен таныстыру.
«Кері есептер» ұғымымен оқушылар бірінші сыныпта танысады.
Тапсырма: салыстыр. Есептердің ұқсасы неде? Айырмашылығы неде?
«Ыдыста 7 қияр және одан төртеуі артық қызанақ бар, ыдыста неше қызанақ бар?